ЖЕРАСТЫ ЖӘНЕ ЖЕРҮСТІ ӨТКЕЛДЕРІНЕ АПТАСЫНА ЕКІ РЕТ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0
113

Шымкент қаласындағы жерасты және жерүсті өткелдерді күтіп ұстау, тазалық жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе. Сондықтан аталмыш өткелдердің жағдайы мен тазалығы аудан басшылығының назарында.

Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 4 жерасты және 1 жерүсті өткелі бар. Атап айтсақ, Анаров көшесі, Темір жол вокзалының алдында, Рашидов және Ә.Жангелдин көшелерінің қиылысында, А.Байтұрсынов көшесі бойындағы жерүсті өткелі бар. Ал Төлеметов көшесі және Бәйдібек би даңғылының қиылысында, Бәйдібек би даңғылы, Дендросаябақ алдындағы жер асты өткелі орналасқан.

Күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты «ТехЭкоСервис» ЖШС-ы санитарлық тазалық жұмыстарын кестеге сәйкес аптасына 2 рет жүргізіп отыр.

Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкентте тағы бір жерасты өткелі пайда болмақ. Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Қосымша өзгерістерге байланысты тұрғындарға тиімді болуы үшін аталған жолайрықта жерасты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы оң сараптамадан өтіп, оған қаржы бөлінді. Ол өткел жолайрық құрылысымен қатар жүргізілетін болады.

Бұл ретте Қонаев даңғылында өткел арқылы көліктердің қозғалысын ашу 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін ашу 1 қарашаға дейін деп жоспарланған.

Leave a reply