Thursday, November 21

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ 8473 АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

0
111

Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 416 жағдай тіркелді. Оның 286 симптомды, 130 симптомсыз. 109 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 207 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 1346 адам ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 8473 адам вакцина алды

(I компонент-4969, II компонент-3993). Егу науқаны басталғалы барлығы 330 323 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 202 020 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған індеттің қаупі өршіп тұр.  Бұл ретте медицина мамандары карантин режиміне сәйкес санитариялық-эпедемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертеді.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласының №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде ашылып, жұмыс істеуде. Қазір медицина мекемесінде мамандар ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр. Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді. Мұнан бөлек, жоспарға сәйкес, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.

Leave a reply