ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАНДЫ

0
120

Бүгін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Жолдасов қоғамдық көліктің карантин кезеңіндегі жағдайын бақылау мақсатында бақылау тексеру қызметі мамандарымен бірге мониторинг жүргізді.

Карантин талаптарына сәйкес қоғамдық көлікте бетперде тағу міндеттелгендіктен және қоғамдық көлік адам көп шоғырланатын орын болғандықтан бақылау қызметі мамандары және кондукторлар автобустарда бетперде тарқатып, ескерту жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қоса айта кететін тағы бір жағдай, қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде күніне 2 рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Күн сайын бақылау қызметі мамандары мониторинг уақытында демеушілер есебінен бетпердесі жоқ жолаушыларға бетперде тарқатуда.

Айта кетейік, осы орайда мониторингтік топтар 20 885 объектіде рейдтік іс-шара жүргізген. Нәтижесінде, 2 046 хаттама толтырылып және 130 млн теңге айыппұл салынған. Ал қаладағы 4 748 бизнес субъектісі «Ashyq» жобасына қосылып, оған келушілердің статусын анықтау барысында 139 «қызыл» және 229 «сары» мәртебелі азамат анықталған. Бұл ретте қала әкімдігі жанынан ашылған «call-center» тәулік бойы жұмыс жасауда.

Leave a reply