МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 42 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТЫЛДЫ

0
120

Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 228-і жарықтандырылған.

Бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін осы жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жұмыстар қолға алынған болатын. Бүгінгі күнге дейін мердігер мекеме «ABM Building» ЖШС-і тарапынан 42 көшеге жарықшамдар орнатылды.

Шымкентте мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 2021-2023 жыл аралығында 312 көше жарықтандырылатын болады. Нақтылап айтсақ, Абай ауданында 86 көше, Әл-Фараби ауданы 45 көше, Еңбекші ауданы 92 көше, Қаратау ауданы 101 көшеге жарықшамдар қойылады.

Айта кетейік, Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысы Б.Болатбеков қала әкіміне берген осы жылдың алты айлық есебінде биыл 324 көшеге жарықшамдар орнату және ескі жарықшамдарды ауыстыру жұмыстарын атқару көзделгенін жеткізіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 104 көше бойынша іскерлік орта өкілдерімен келісімшарттар түзілгенін айтқан болатын.

Leave a reply