ШЫМКЕНТ: АУРУ ОШАҚТАРЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
117

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 7 238 адам вакцина қабылдаған. Екпенің I компонентін — 2 308, II компонент — 4 930 адам салдырған.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, егу науқаны басталғалы мегаполисте барлығы 349 920 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 229 273 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған. Сонымен қатар, 23 шілде күнге КВИ-дің 488 жағдайы тіркелген. Науқастардың 402 белгілері бар болса, 86 адамда белгілері болмаған. 210 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 278 адам үй бақылауына алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жасалуда.

Мамандар қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін ескертіп, тұрғындарға қоғамдық орында бетперде режимін сақтау ескертілді. Сондай-ақ, ертерек екпе алуға шақырды. Ақ халаттылар дүйім жұрттың дегбірін қашырған сырқатты ауыздықтау екпе егу арқылы тыйылар еді, дейді. Сол себепті, барлық қала тұрғындарына вакцина салуға кеңес береді. Емханаларда қазір екпенің 3 түрі қолданыста. Олар отандық QazVac, Спутник V және Hayat-Vax. Қай екпені қабылдауды пациенттің өзі шешеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 2 мыңға жуық жауапты тұлға санитарлық талаптарды орындамай айыппұлға тартылды. Бүгінде қаладағы 676 нысан «Ashyq» жобасымен жұмыс істеуде.  Осыған дейін тиісті департаментке QR-коды арқылы «қызыл-сары» статуспен анықталған жеке тұлғаларға қатысты 354 хабарлама түсіпті.

Leave a reply