КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН САҚТАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

0
124

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақталуына мониторинг жүргізетін 10 мобильдік топ жұмыс атқаруда.

Осы жылдың 21-22 шілде күндері аудан аумағындағы 188 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Кезекті мониторинг жұмыстары барысында карантиндік талаптарды сақтамаған 8 нысан анықталды. Тексеріс кезінде кемшіліктер анықталған нысан басшылары мен өкілдерінен түсініктемелер алынып, тиісті шара көру мақсатында құзырлы мекемелерге жолданды.

Жалпы, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқарып отыр. Олар 21 шілде күні 658 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айта кетейік, мобильді топ тексеріс кезінде вирустың таралуын тежейтін нысандардағы «Ашық» қосымшасын бақылауды аса назарға алған. Бұл жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлер «info.kazakhstan» сайты арқылы өтініш береді. Қосымша сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе «Атамекен» ҰКП 1432 байланыс нөміріне хабарласуға. Ал 1 шілдеден бастап қосымшада адамның вакцина қабылдаған-қабылдамағаны көрінетін болған.

Leave a reply