ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ШАҺАРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

0
113

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Жалпы биыл шаһарда 21, 9 шақырымдық 9 магистарды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Б.Момышұлы, Бәйтереков, Рысқұлов, Тәшенов, Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан және Клара Цеткин көшелері бар.

Мәселен, дәл қазіргі уақытта Бәйтереков көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу жұмыстары атқарылуда. Жөнделетін көшенің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жауапты мердігер мекеме – «Профиленд» ЖШС.

Жалпы жол құрылыстары жоспар бойынша қараша айының соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ Шымкент қаласында Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы (А-2 жолынан М-32 жолындағы жолайрыққа дейін) қарқынды жүргізілуде. Көшенің жалпы ұзындығы – 7,6 шақырым, ені – 43 метр. Жолдың жүріс бөлігі – 4 жолақты. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған. Жалпы құрылыс жұмыстарының 80 %-ы орындалды. Сонымен қатар Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан жалпы 18,1 шақырым және 7 учаскеден тұрады.

Leave a reply