«ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚЫЗДАРЫ ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

0
123

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Қуанарлығы, бұл тізімде Түркістанның «Томирис-Тұран» командасынан төрт бірдей нәзік жанды аруларымыз бар. Бұлар қорғаушылар Айгерім Айтымова, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет, жартылай қорғаушы Әселхан Тұрлыбекова.
Оқу-жаттығу жиын барысында команда үш жолдастық матчын өткізіп, Эстонияға жол тартады. 28 маусым күні Пярну қаласындағы «Пярну Раннастаадион» стадионында өтетін ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. Ендеше, ел намысын қорғайтын түркістандық қыздарымызға сәттілік және жеңіс тілейміз.

Leave a reply