ТҮРКІСТАНДА 2299 ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

0
108

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Халықты жұмыспен қамту орталығының” 6 айда атқарылған жұмыстары бойынша есебін тыңдады.

Орталық директоры Ақмарал Пернебекқызының мәлімдеуінше, жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 2299 тұрғын қамтылған.

Қоғамдық жұмыс орындарына – 671 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 119 азамат , жастар практикасы бойынша – 170 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына – 1318 азамат, алғашқы жұмыс орнына – 12 тұрғын орналасты.

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант – 9 тұрғынға үлестірілді.

Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6000-ға жуық тұрғын жұмыспен қамту жоспарланған.

 

Leave a reply