Түркістан қаласында 2172 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған

0
133
Түркістан қаласында 2022 жылдың маусым айына дейін 2172 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Оның ішінде жәрдемақы шартты түрде – 1584, шартсыз түрде – 588 отбасыға тағайындалды.
Ал, 1-6 жас аралығындағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы – 3221 бала иеленді.
Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көмектің 9 түрі көрсетіледі. Ерекше қажеттілігі бар тұрғындар сурдотехникалық, тифло техникалық, міндетті гигиеналық құралдармен қамтылады. Одан бөлек, протез-ортопедиялық көмектер көрсетілді.
Жыл басынан бері ерекше қажеттілігі бар 632 тұрғын шипажайда ем алса, 361 азаматқа жеке әлеуметтік көмекші, 83 адамға ымдау тілі маманы қызметтері көрсетілді.
Сонымен қатар, бөлімде 2 өз- өзіне қызмет көрсету бұрышы бар.
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін 7 инватакси, 2 әлеуметтік такси қызметі іске қосылған.
Көрсеткіштер бойынша, инватакси қызметін 143 ерекше қажеттілігі бар тұрғын алса, әлеуметтік такси қызметіне 8 азамат жүгінген.

Leave a reply