Антикор Әбіләзов, Храпунов және Рысқалиевтің ұрлаған ақшасын елге қайтармақ

0
120

Қазақстанның экс-шенеуніктері миллиардтаған долларды қолды етіп, шетел асып кеткен. Олардың қатарында Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов, бұрынғы Энергетика, индустрия және сауда министрі Мұхтар Әбіләзов және Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев бар. Бұл туралы Infonews.kz сайты Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Белгілі болғандай, сотқа дейінгі тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзырында болған. Тергеу-жедел топтарға жетекшілік ететін солардың бөлімшесі.

«Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша «БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбіләзовке, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевқа, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа, басқа да тұлғаларға және олардың сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық жолмен алынған, оның ішінде шетелге кеткен ақшаны заңдастыру/жылыстату саны анықталуда. Тергеу аясында шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен халықаралық-құқықтық өзара іс-қимыл жүргізілуде» деп хабарлады ведомство Orda.kz сауалына.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер айтылмады.

Виктор Храпуновқа қатысты қылмыстық іс 2011 жылы 22 қарашада бірқатар сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарды жасады деген айыппен қозғалған. Алматының экс-әкімі мен оның әйеліне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды.

Виктор Храпуновтың ұлы БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің қызына үйленді, ол да шетелге ақша шығарды деп айыпталған. Қазақстанда ол мүлкі тәркіленіп, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптаушы тараптың айтуынша, Әбіләзов жалған несие беру арқылы БТА банктен миллиардтаған доллар ұрлаған. Оны Ұлыбританияның Біріккен Корольдігінің соты да кінәлі деп тапты.

2009 жылы Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев ағасының көмегімен қабырға панелін шығаратын зауытты кәсіпкерлерден тартып алған. 2019 жылы Рысқалиевтер сырттай сотталған болатын. Бергей Рысқалиев сырттай 17 жылға, оның ағасы Аманжан 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның екеуіне 185 түрлі нысан, оның ішінде 50 пәтер, 44 жер учаскесі және банк шотындағы ақшалар тәркіленді.

Қылмыстық істерді тергеу үшін түрлі құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық жедел-іздестіру топтары құрылды.

Leave a reply