Тоқаев несие туралы заңға қол қойды
Бұдан былай банкке берешегі бар қазақстандықтар несие рәсімдей алмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты Ақорда басылымына сілтеме жасап.
Қабылданған заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ Несие бюросына берілген қарыз жайлы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микрокредит бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыппұл көлемі шектеледі.
Мұндай қадам қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалынып отыр.
– «Микрокредиттік ұйымдарға қарыз азаматтардың жүктемесін қысқарту үшін микрокредит бойынша артық төлемді екі есеге – микронесие сомасынан 100-ден 50 пайызға қысқарту ұсынылады», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова.