ТАЛАП БАР ЖЕРДЕ ТӘРТІП БОЛАДЫ

0
115

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, шаһардағы ретсіз сауда нүктелерімен жұмыс жасау үшін арнайы жұмысшы топ құрылған болатын.

Жұмысшы топ құрамына қала әкімінің орынбасарлары Жандос Тасов, Талғат Тулегенов, “Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің” басшысы Талғат Алпысбайұлы және қалалық полиция басқармасы қызметкерлері бекітілді.

Жұмысшы топ кезекті рейдтік аралауы нәтижесінде Керуен сарай көшесі аумағында 125 ретсіз сауда қатарын анықтап, түсіндірме жұмысын жасады.

Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілігі заң талабына сәйкес қаралуда.

Leave a reply