Сегіз айда Сайрам ауданында қандай жұмыстар атқарылды?

0
134

Сайрам ауданында бірлігі мен тірлігі жарасқан еңбекқор тұрғындар тұрады. Бүгінде аталмыш ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты. Егемен елдің бүгінде миллонды үш мегаполисі болса, өндірісі артқан ауыл-аудандары да күн санап артып келеді. Бұл жолда Сайрам ауданының да өзіндік үлесі бар.

Ауданның экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 136,2 млрд теңгеге жетіп, өсім 22,8 млрд.теңгені құрады. Жалпы өнімнің ішінде 48,2%-ы ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 28,2%-ы өнеркәсіп саласына, 18,2%-ы бөлшек саудаға, 5,4%-ы құрылыс саласының үлесінде.

 

БЮДЖЕТ

2022 жылға кірістер жоспары 37,5 млрд.теңге, оның ішінде өзіндік кірістер – 4,7 млрд.теңгеге нақтыланған. Ағымдағы жылдың 8 айында бюджет 3 рет нақтыланып, кірістер жоспары 596,2 млн.теңгеге ұлғайтылған.

2022 жылға арналған аудан бюджетінің шығыстары – 38,1 млрд.теңге, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге – 22,8 млрд.теңге (аудан бюджетінің 60,0%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына – 3,6 млрд.теңге (аудан бюджетінің 9,4%), әлеуметтік салаға – 5,0 млрд.теңге (аудан бюджетінің 13,1%) бағытталған.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауылды өркендетудің басты факторы – агроөнеркәсіп кешені ауданымызда жақсы дамыған. Өңірде өндірілетін өнімдер өзімізді ғана қамтып қоймай, өзге аймақтарға да жіберіледі.

Ауданымыз – оңтүстіктегі  ауыл шаруашылығы дамыған, қажетті азық-түлікпен өңір жұртшылығын қамтып  отырған бірден-бір аудан.

Биылғы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында 65,7 млрд.теңгеден астам өнім өндірілді, өткен жылға қарағанда 3,0 млн.теңгеге артық өнім алынды. Ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 13,8%-ды құрап, 2 орынға тұрақтады.

Жаңадан 103,1 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 704,1 га жетті. Жылыжайлар 7,9 га жерге салынып, жалпы көлемі 61,6 га құрады. Қарқынды бау 27,5 га жерге егіліп, көлемі 527 га құрады.

Ауданда барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген, 8 айда ет өндірісі 5,3%-ға, сүт – 3,0%-ға артты, жұмыртқа – 0,7%-ға төмендеді.

Биылғы жылы бұл салада жалпы 74 жұмыс орнымен қамтылған 2,7 млрд.теңгелік 4 жоба іске қосылған:

– Жібек жолы ауыл округінде ЖК Урунбеков «Жібек Жолы» – диірмені (құны – 370 млн. теңге),

– Жібек жолы ауыл округінде ЖК Урунбеков «Жібек Жолы» – өсімдік майын шығаратын цех (құны – 30 млн. теңге);

– Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Юг Фуд» ЖШС-і – сүт өңдейтін зауыт («Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшік) (құны – 70,0 млн.теңге);

– Ақсукент ауыл округіндегі “ЗӘУРЕ” ШҚ – 6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай жобасы (құны – 2232,9 млн.теңге).

Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемін 119,7 млрд.теңгеге жеткізіп, өсімді сақтап қалу  межеленуде.

Суармалы егістік жерлерді ағын сумен қамтып, мол өнім алу мақсатында «Ақсу» МКК тарапынан бүгінгі күнге ұзындығы                            56 шақырымдық каналдар мен арықтар тазаланды. Тазалау жұмыстары жалғасуда.

 

ӨНЕРКӘСІП

Ауданның өндірістік күштерінің  даму деңгейіне шешуші әсер ететін өнеркәсіп саласында биылғы жылдың 8 айында 68 бірлік өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 38,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылға қарағанда 11,2 млрд. теңгеге артқан. Өнеркәсіптің басым саласы өңдеу өнеркәсібінде 33,0 млрд.теңгенің өнімі өндірілген немесе 11,9 млрд.теңгеге артқан. Ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 7,2%-ды құрап, 2 орынға тұрақтады.

2022 жылы өнеркәсіп саласында құрылыс индустриясына кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен жоба іске асырылып, бүгінгі таңда тұрақты өнім өндірілуде. Атап айтқанда:

– Ақсу ауылында орналасқан «Корпорация АЯН» ЖШС-і – Газоблок шығаратын зауыт.  Жобаның   құны – 200,0 млн.теңге,  қуаттылығы 830 текше метр. Ашылатын жұмыс орны – 30 адам.

Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемін 43,5 млрд.теңгеге жеткізіп, өсімді сақтап қалу  межеленуде.

Аудан экономикасына жыл басынан 21,7 млрд.теңгеге инвестиция тартылса, оның 20,0 млрд.теңгесі жеке кәсіпкерлер есебінен тартылған. Есепті мерзімде ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3225,8 млн.теңгені құрады (өсім +54,6%). Оның ішінде, тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 619,8  млн.теңге (өсім +79,5%).

 

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2022 жылы 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын жариялады.

Жолдауда Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты шешімдер мен тапсырмалар берді. Соның бірі кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру.

2022 жылдың 8 айында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 17 мыңға жуықтады, салада 25 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, 83,4 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Жоспар бойынша жыл соңында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 146,7 млрд.теңгеге жеткізу межеленіп отыр.

«Қарапайым заттар  экономикасы» бағдарламасы аясында құны 2,6 млрд.теңгелік 36 жоба қаржыландырылған, оның ішінде  2022 жылы 3 инвестициялық жобаға қаржы институттары арқылы несие берілді.  Сондай-ақ, микрокредиттік ұйымдар  арқылы 2543 жоба  8525,2 млн.теңгеге қаржыландырылды.

 

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Аудандағы 42 елді мекен 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылғанмен, тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында биылғы  жылы аудандық бюджеттен Жібек Жолы ауылындағы  тозығы жеткен  құбырларды ауыстыруға жобалық құжаттар дайындалуда. Қарабұлақ ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтуға ЖСҚ дайындауға  15,6 млн теңге  бөлініп, жоба әзірленуде. Сондай-ақ, аудан бюджетінен 110,6  млн.теңгеге Көлкент ауыл округіне қарасты Ақсуабад ауылында 32 га жерге ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан  қазан айына пайдалануға беріледі.

Табиғи газбен аудандағы 42 елді мекеннің 31-і қамтылған, қамту көрсеткіші 73,8%-ға жеткен. 2022  жылға 6 елді мекенді (Құтарыс, Қызылжар, Ақсуабад, Оймауыт, Ақарыс, Көлкент) газбен қамтамасыз етуге Ұлттық қор есебінен 1,4 млрд.теңге қаралды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылға барлық елді мекендерді 100% табиғи газбен қамтылады.

Аудан тұрғындарының сапалы инфрақұрылымға қол жеткізу деңгейін көтеруге 2022  жылға инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына 7 нысанға барлығы 868,7 млн. теңге қаралды (Ұлттық қор-82,0 млн.теңге, РБ- 441,0 млн.теңге, АБ- 345,7 млн.теңге), 2021 жылы 4 инфрақұрылым құрылысы  аяқталып, халық игілігіне пайдалануға тапсырылды.  «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 82,0 млн.теңгеге Қасымбек датқа ауылындағы «Көмешбұлақ» мешітінің жанындағы Жаңа құрылыс көшелеріне КТП орнату, электр желілерінің құрылысы аяқталды.

 

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Аудан көлеміндегі 1 276 шақырым автокөлік жолдардың 59,9%-ы қанағаттанарлық жағдайда.

2022 жылға аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге 367,8 млн.теңге (ОБ – 221,2 млн.теңге, АБ – 146,6 млн.теңге)  қаралған.  ҚР Ұлттық қорынан  аудандық маңызы бар 7 көшені күрделі жөндеуге 2,2 млрд.теңге бөлінді. Орташа жөндеу жұмыстарына 13 көшеге 222,1 млн.теңге қаралды.

Қазіргі таңда 7 аудандық маңызы бар жолдың (42,5 шқ), 2 көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 12 ішкі көшелер (13,1 шқ) орташа жөндеуден өткізіліп, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 61,6%-ға жетеді.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Ауданда әлеуметтік мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Мемлекет тарапынан қаржы алған отбасылар өз ісін ашып, жеке шаруашылығын дамытып, отбасының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік алды.

Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты шешімдер мен тапсырмалар берді. Атап айтқанда:

  1. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру;
  2. Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру;
  3. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту;
  4. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беру;
  5. «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру, қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару және тағы да басқа.

Ееспті кезеңде аз қамтамасыз етілген 2961 отбасына 595,0 млн.теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек, 2945 балаға 149,0 млн.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

2022 жылдан бастап «Жастар тәжірибесі» жобасы
шеңберінде 500 адамға 567,1 млн. теңге,  «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 30 азаматқа 56,1 млн. теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ, жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 272,2 млн. теңгеге 222 гранттар беру көзделуде.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын іске асыру жоспарына» сәйкес биылғы жылы 1,8 млрд теңге қаралып, 8 айда бағдарламаға 6484 адам қатысты. Оның ішінде 272 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 725 адам жастар практикасына, 1404 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, мүмкіндігі шектеулі 257 азамат, оның ішінде 2 азамат квота есебінен  жұмыспен қамтылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бойынша 100 азаматтың бизнес идеялары мақұлданып, 122,5 млн.теңге грант берілді.

Сонымен қатар, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 77 отбасына 48,0 млн.теңгеден астам демеушілер тарапынан және материалдық көмек көрсетілген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданның экономикалық белсенді халық санына қарай 1160 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 1163 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 100,3% орындалды.

Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға, жастар жұмыссыздығы – 4,6%-ға төмендеген.

 

БІЛІМ БЕРУ

Ауданда 90 мектептегі 1-11 сыныптарда жалпы 63,2 мың оқушы білім алуда.

2021-2022 оқу жылында 3272 түлектің 56-ы «Алтын белгі» иегерлері атанды.  Аудан бойынша ҰБТ-ке қатысқан 1748 оқушының 493-і жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанды. Слайд №16

2022 жылы Сайрам ауданында жалпы құны 2,3 млрд. теңге құрайтын 2 мектептің құрылысы жүргізілуде  (Айнабұлақ атындағы жаңа 600 орындық ЖОМ, №62 Анартаев атындағы ЖОМ қосымша 300 орындық оқу корпусы). 2022 жылға 335,2 млн.теңге бөлінді. Нысандар 2023 жылға өтпелі.

Жалпы ауданда инвесторлар есебінен 10 жекеменшік мектептің құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 5 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда:

– Қайнарбұлақ а/о Қасымбек Датқа ауылында кәсіпкер С.Сағындықовтың қаражаты есебінен 300 орындық бастауыш мектебі;

– Манкент ауылдық округінде Н.Сулаймановтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі әрқайсысы 1200 орындық «Әл-Фараби», «Ә.Навои», «А.Қарабаев», «Арофат ана» атындағы мектептер.

 

МӘДЕНИЕТ  ЖӘНЕ СПОРТ

Ауданда мәдениет, тілдер мен ономастика саласын дамыту бағытында ағымдағы жылдың 9 айында 210 іс-шара өткізілді. Ірі  кітап көрмелері жасалып, виртуалды бейнешолу түсіріліп, фейсбук әлеуметтік желісіне шығарылуда.

Спорт саласында 119,  оның ішінде 114 – аудандық, 4 – облыстық, 1 – республикалық  іс- шара өткізіліп, оған 8093 адам қатысты. Қорытындысы бойынша аудан спортшылары 11 алтын, 14 күміс және 33 қола медальдарға қол жеткізді. Жасөспірімдер арасында спортты насихаттау мақсатында ауданнан шыққан спорт тарландарымен 3 кездесу өткізілді: Әшім Маржан, Бибосынов Сакен және Қайрат Ералиевпен.

Сондай-ақ, аудан халқының игілігіне пайдалану үшін  «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылға 300,0 млн теңге  бөлініп,

– 100,0 млн.теңгеге Ақбұлақ ауылындағы мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысы;

– 200,0 млн.теңгеге Қарасу ауылындағы спорт кешені ғимаратының құрылысы басталады.

 

ІШКІ САЯСАТ

Бүгінде бірлігі мен тірлігі жарасқан, еңбекқор халқы бар көпұлтты ауданымыздың  ішкі саяси жағдайы тұрақты.

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан аудандағы қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында «Парасат» пікір талас клубы құрылған. Клуб отырысы 3 рет өткізіліп, аудан тұрғындарын сапалы ауыз су, табиғи газ, электр энергиясымен қамту, жер мәселесі, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары туралы өзекті мәселелер талқыланды.

ҚР Президенті Қ.К Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Ауыл – ел тірегі» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – әрбір ауылдың тыныс-тіршілігімен жақын танысып, өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады.

Жоба аясында ауыл тұрғындарымен бірлесіп 70 шақырым каналдар тазалаудан өткізілді, тозығы жеткен 133 электр бағаналары ауыстырылды, 36 трансформатор сырланып, қоршалды, 7 шақырымды құрайтын 11 көшеге демеушілер есебінен тас төселді, 27 сенбілік өткізіліп, 4200-ге жуық шырша, жеміс, декоративті ағаштар егілді. Жұмыстар жалғасын табуда.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығына сәйкес, биылдан бастап халықпен кездесу жаңа форматта өткізілуде. Бекітілген кестеге сәйкес тоқсан сайын 11 ауыл округінде халықпен кездесулер жүргізілуде. Кездесу барысында көтерілген мәселелер бақылауға алынып, шешу жолдары қарастырылуда.

Ағымдағы жылы «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде «Сайрам ауданы» парақшасы іске қосылып, ауданға қатысты тиісті ақпараттар күнделікті жариялануда. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында ашылған «Телеграм ботт», «WhatsApp» желілері арқылы жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімі тарапынан «TURKISTAN» телеарнасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары бойынша тікелей эфирде кеңінен сұқбат берілуде. Қосымша «Хабар», «24 арна», «HAN TV», «Айғақ»,  «TURKISTAN» телеарналарына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму  көрсеткіштері бойынша сұқбаттар берілді.

Бұдан бөлек, бекітілген кестеге сәйкес, 8 аудандық бөлім басшылары мен 11 ауылдық округтерінің әкімдері әлеуметтік желілердегі парақшаларында салада атқарылған жұмыстары мен өзекті мәселелерін таныстыру мақсатында тікелей эфир арқылы таныстыру жұмыстары жалғасуда.

Аудан әкімі, республика, облыс және ауданға белгілі қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ауданның тарихы, руханият пен мәдениетті көтеру,  жастар тәрбиесі жайында кездесу ұйымдастырылған.

Leave a reply