Татулық – достық кілті

0
106
Сайрам ауданы Қарасу ауылында орналасқан «Рауан» тойханасында Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бір-лестігі қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Достық – алтын көпірі» тақырыбымен облыстық деңгейде фестиваль өтті. Қазақстан Республикасы Таулы Қарабах этносаралық қақтығысының Ұрыс қимылдарының ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Базарбаев, «Қоғамдық келісім КММ-нің басшысының орынбасары Е.Баетов, Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Байназар және әжелер қауымы қатысты.
Шарада Әлібек Байназар сөз алып: «Бірлік мәселесінде бауырлар тоғайдың бұтақтары іспеттес болуы керек. Бұтағы көбейген сайын тоғай қуаттала түсіп, оған қатты жел әсер ете алмайтындай ауызбіршілігі мен бауырмалдығы мығым елге ешқандай жамандық әсер ете алмайды. Бұндай бекем бауырмалдықтың негізгі нәрі – имандылықта», – деді.
Базарбай Мамадиярұлы: «Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының және жергілікті әзірбайжан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау. Қазіргі уақыттағы ең басты мәселе – азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, халықтар достығы, ынтымақтастық пен бауырластық мәсе-лелерін нығайту, экономикада орын алып жатқан дағдарысты жою, әлеуметтік шындық, сөз бен істің үйлесімділігі сияқты принциптерді жүзеге асыру жолдарын іздестіру. Ұлттық мақтаныш пен ұлтжандылықтың мағынасын дұрыс бағалау, өзара түсіністік пен халықтар бірлігін нығайтуға үлес қосу.
Біз бір-бірімізді терең түсініп, достыққа адал болуымыз керек, – деп тілегін білдірді.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Leave a reply