Қоқыс кәдеге жарамақ

0
139

ӨҢІРДЕ

Қазір адам-заттың алдында күл-қоқыс проблемасы күн тәртібінен түскен емес. Әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі – ол қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу. Түркістан облысының аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленіп, барлығы құжаттандырылған.

Халық саны көбейгеннен қатты тұрмыстық қалдықтардың да көлемі артып келеді. 2022 жылғы

9 айдың қорытындысымен жалпы 70842 тонна қалдық жинақталып, оның 12179 тоннасы қайта өңдеуге бағытталып 17, 19 пайыз орындалды. Облыстың даму бағдарламасында биыл 19 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 19 мекеме сұрыптаумен, 3 мекеме қайта өңдеумен айналысып отыр.

Облыстық бюджет есебінен биыл 6 полигонды санитарлық-экологиялық талапқа сәйкес келтіру үшін ЖСҚ дайындалды. Сондай-ақ, аудандық бюджеттерден 2022 жылы 37 полигонның құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылып отыр.

Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының айтуынша, 2022 жылғы «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен Түркістан облысы бойынша 428 бей-берекет қоқыс орындары анықталған. Бей-берекет қоқыс орындары нүктелерінің 312-сі тазаланған. Қалғандары бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр.

Leave a reply