Сайрам ауданында өңірлік өнім көлемі еселеніп келеді

0
103

Сайрам ауданының тұрғындары еңбекпен бақыттың басын иген жандар. Қай отбасын алып қарасаңызда өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Бірі диқаншылықты жанына серік етсе, енді бірі мал шаруашылығын маздатып отыр. Мұнда тың жобаларда көптеп қолға алынып, бір жылда екі рет өнім алу жолға қойылған. Сондықтанда болар биылғы жылдың он айында өңірлік өнім көлемі 194,3 млрд теңгеге жетіп отыр.

 

Сайрам ауданы өңір экономикасының даму динамикасы нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Атап айтсақ, басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы жылдың 10 айында 194,3 млрд теңгеге жетіп, өсім 35,6 млрд.теңгені құраған. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 18,1%-ға артқан. Жалпы өнімнің ішінде 53,4%-ы ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 23,5%-ы өнеркәсіп саласына, 17,2%-ы бөлшек саудаға, 5,8%-ы құрылыс саласының үлесінде.

Leave a reply