ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ

0
145

Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Туған елге тағзым” өлкетанулық зерттеу экспедициясының ашылу салтанаты болып өтті. Шараға арнайы БАҚ өкілдері қонақ ретінде шақырылып, 28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күніне орай Алғыс хаттармен марапатталды.

Жиынның басты мақсаты оқушы-ларды бір апта көлемінде жалғасатын өлкетану-зерттеу экспедициясы ар-қылы облыстың барлық аймақта-рымен таныстыру. Мұндай экспеди-ция Түркістандық оқушылар үшін алғаш рет өткізіліп отыр. Жоба еліміздің барлық Зияткерлік мектеп-терінде бұған дейін өткізіліп келген. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-10-сыныптарынан іріктеліп алын-ған оқушылар облыстың тарихы, мәдени жерлерінде болып, иннова-циялық объектілер мен архитектуралық құрылыстармен танысатын болады.

«Бүгінде Назарбев зияткерлік мек-тептерінде білім берумен қатар тәр-биеге үлкен мән беріледі. Тәрбие жұ-мыстарының басым көпшілігі сабақ-тарда ұлттық құндылықтарды балалар-дың бойына сіңірумен қатар, көптеген жұмыстар тәрбиелік жобалар ар-қылы іске асырылып келеді. «Туған елге тағзым» жобасында екі сынып бір ша-ңырақты құрап, олардың арасынан үз-дік деп танылған шаңырақ иелері атал-ған жобаға қатысуға мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда іріктеуден өткен 40 оқушы Түркістан облысында экспедиция бағдарламасы аясында туристік және әлеуметтік кәсіпорындардың жұмысымен жақын танысады. Ондағы негізгі мақсат жүректерінде еліне, туған жерге деген патриоттық сезімін оятып қана қоймай, жаңа өзгерістерге жол ашатын саналы ұрпақты қалыптастыруға негізделу болып табылады. Бұл экспедицияға облысымызда белгілі өндіріс орындары, ауыл шаруашылығы саласы, өнеркәсіп ошақтары, туризм секторы сынды жерлер таңдап алынды. Аталған аймақтарды көзбен көрген олар облыстың барлық мүмкіндіктерімен танысып, қандай да бір жаңа, тың бастамаларды іске асыруды қолға алады деген сенімдеміз. Сондай-ақ, келешекте мамандықты таңдауда өз септігін тигізеді деген үміттеміз. Экспедиция аяқталғаннан соң оқушылар зерттеу тақырыптарын анықтап, алдағы жаңа оқу жылында өңір салаларын дамыту жолдарын қарастырмақ», – дейді мектеп директоры Балқан Маратұлы жобаның маңыздылығын ерекше атап өтіп.

Жиын барысында мектеп оқушылары мың бұрала билеп, ән шырқап өз өнерлерін көрсетіп көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен 2012 жылы туған өлкені танып білуге, оқушылардың туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын жете білуге, сондай-ақ олардың бойынан патриоттық сезімді оятуға бағытталған.

– Өздеріңізге белгілі, облысымыз – тарихи-мәдени ошақтарға бай аймақ. Бұл жоба жастардың өлкеміздің тари-хынан сыр шертетін мәдени ошақтар-дың қазіргі жағдайымен, сондай-ақ өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргі-зуге қажетті мағұлматтармен танысуға мүмкіндік береді. Зерттеу аясында ту-ризм және экологиялық аймақ жағдай-ларына өздерінің ойларын ұсыну арқы-лы дамыту жолдарын бірге қарасты-рады. Бұл жерде өз басым туризм клас-терін дамыту үшін қолайлы аймақта ең алдымен қызмет көрсету қызметтерін жақсарту қажет деп санаймын. Себебі мұнда келетін туристер мен қала қонақтары өздерінің киелі жерге сапары аясында осы жағдайларға жете мән беріп жататыны анық. Бұдан бөлек демалушыларға сапалы қызметпен қатар қалтаға қонымды бағаларды ұсыну өзекті болып отыр. Осы бастамаларды жүзеге асырғанда ғана туризмі дамыған аймаққа айналатынымыз сөзсіз», – дейді 9-сынып оқушысы Аружан Жарылқап.

Leave a reply