Ішкі істер министрі Бейбіт Шүменовтің елден қашып кетуі туралы айтты
Боксшы Бейбіт Шүменовтың Қазақстаннан қашып кетуіне байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Жеке нұсқаулар жіберілді. Бұл туралы Infonews.kz сайты хабарлайды.
“Ол АҚШ-та болуы мүмкін. Қазір жеке нұсқаулар жіберілді, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыс орташа ауырлық санатына жатады. Тіпті мұндай жағдайда да әрекет ету қарастырылған. Қайта оралған жағдайда оның қатысуымен толыққанды сот тергеуі жүргізіліп, заңды процессуалдық шешім қабылданады”, – деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ министр “егер мен бұл істі полицияның әрекетсіздігі деп санамасам, жауапты адамдарды қызметінен босатпайтын едім” деді.