Шымкент гүл дүкеніндегі оқиға: Экс-полицейдің жанындағы адам қызметтен кетті

0
123

Шымкент гүл дүкенінде болған атышулы оқиғаның екінші қатысушысы – Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды берген арызының негізінде жұмыстан босатылды. Бұл туралы Infonews.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық мемлекеттік қызмет істері департаменті хабарлады.

“Бұл ретте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына, қажет болған жағдайда, тағайындалған тәртіптік жазаның қызметтік тексеруге сәйкестігін зерделеу шараларын қабылдау тапсырылды. Алайда, қазіргі уақытта Д. Елқонды өтініші негізінде қызметінен босатылды. Оның мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуына ешбір кедергі болған жоқ”, – делінген хабарламада.

Leave a reply