Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?

0
124

Жыл басынан көпбалалы 545,1 мың отбасыға жалпы сомасы 239 млрд теңгеге жәрдемақы төленді, оның ішінде шілде айында 541,4 мың отбасы 33,8 млрд теңге алды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, мемлекеттен жәрдемақы табысына қарамастан, кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар, сондай-ақ күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасыларға беріледі.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:

– 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

– 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

– 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

– 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

– 8 және одан көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
13 800 теңге мөлшерінде
.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артты.

Leave a reply