Түшкіруді басуға тырысқан ер адам ауруханадан бір-ақ шықты

0
107

Түшкіруін басқысы келген британдық тамағын ауыртып ауруханаға жүгінген. Айтуынша ол қатты түсшкірген кезінде оны ұстап қалу үшін мұрынын басып, демалмаған. Бұл туралы Infonews.kz сайты KP.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Науқас стационарға жұтынғанда қатты ауру сезімі мен қатты түшкіруден кейін дауысының өзгеруіне шағымданып түскен. Ол дәрігерлерге мұрын тесігін саусақтарымен жауып, түшкіруді басуға тырысқанын, бірақ түшкіргенде тамағын бірдеңенің сырып өткенін сезгенін айтты. Кейін ол тамағының ісінгенін байқаған.

Рентген суреті ер адамның тамағына ауа кіріп, қысымның зақымдағанын көрсетті. Дәрігерлер британдықтың тамағын сырып алғанын айтты. Жарақат ауыр емес, операция қажет болмаған

Leave a reply