САРЫАҒАШТА АУЫЗ СУДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

0
76

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңақұрылыс елді мекеніне арнайын барып, ауыз су құрылысының жұмыстарымен танысты.

-Елді мекендер үшін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түспейді. Осы орайда, аудан тұрғындарын таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін кезең –кезеңімен, жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Атқарылып жатқан жұмыстар сапалы және мерзімінде аяқталуы қажет, – деді аудан басшысы.
Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан жалпы жер қазу жұмыстарының 2,5 шақырымы жүргізілген. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң, 142 тұрғын үй таза ауыз сумен қамтылатын болады.

Жұмыс барысын бақылаған аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде және сапалы аяқтауды, сонымен қатар, жауапты сала орынбасарына жұмыс барысын қадағалауды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Түркістан облысының халқын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Маңызды мәселе өңір басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды. Сонымен қатар, отырыста Түркістан және Кентау қалаларын Мырғалымсай жер асты су кен орнынан ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де жан-жақты талқыланды. Оған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетінің басқарма басшысы, осы салаға жауапты басшылар, ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізетін сарапшылар қатысты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына Геология комитетімен бірлесіп, қысқа мерзімде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу жолдары жөнінде нақты ұсыныс әзірлеп, ұсынуды тапсырды. Ауыз су тапшылығының алдын алуға қатысты тиісті жұмыстарға күш салуды жүктеді.

Leave a reply