ТҮРКІСТАН: ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ МАШИНАЛАРЫ МЕН ТРАКТОР ШЫҒАРУ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

0
76

Түркістан облысы, Сауран ауданында орналасқан «Түркістан» ӘКК» АҚ өндірістік паркі аумағында «BNK GROUP LTD» ЖШС бастамасымен жаңбырлатып суару жабдықтары және трактор өндірісі жобасы жүзеге асырылуда.
Жобалар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының Қытайға жұмыс сапары нәтижесінде жүзеге асты.
Жобаның жүзеге асырылуы бірнеше кезеңдерден тұрады, жалпы құны 11,5 млрд теңгені құрайды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған өндіріс орнына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Инвестормен жүздесті.

– Түркістан қаласы маңында өндірістік парк ашылып, жұмысын бастады. Біз өз тарапымыздан кәсіпкерлерге, инвесторларға инфрақұрылым, браунфилд ұсынамыз. Жұмыс орындарын, өзіндік кіріс көздерін көбейтуге басымдық берілуде, – деді Дархан сатыбалды.

Аталған компанияға Сауран ауданындағы өндірістік парктен арнайы жер, браунфилд берілген. Жобаның 1 және 2-кезеңдері бойынша жаңбырлатып суару жабдықтары шығарылып жатыр. Жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын зауыттың жалпы құны – 4,05 млрд теңге. Жоба қуаттылығы – жылына 950 жаңбырлатып суару жүйесі. Бұл техника америкалық технология негізінде жүзеге асырылып жатыр.
«BNK GROUP LTD» ЖШС жобаларының 3-кезеңіне де қарқынды дайындалуда. Мұнда ауыл шаруашылығы техникалары мен трактор шығарылмақ. Жобаның жалпы құны – 7,0 млрд теңге. Мұнда қазір жергілікті 50 адам жұмыспен қамтылған.

Leave a reply