ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ АЛҚАПҚА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛДІ
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысына жасаған сапарында облысты әрі қарай дамытуды тапсырды. Осы бағытта еліміз жаңа дәуірге қадам басты, Әділетті Қазақстанды құру ісі басталды. Алдағы жолдың қиындығы да аз емес. Бірақ, ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік пен өзара сенім арқылы бірлесе отырып жүзеге асыратын болсақ, бізді алдымызда жарқын болашақ күтетіні сөзсіз. Мемлекет басшысы жаңа бастаманың басты шарттарын өзінің «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Жолдауында айқындады. Сондай-ақ, халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Тапсырмалар аясында өңірлерде, соның ішінде Түркістан облысында ауқымды әрі жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халықтың талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру және ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту, білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие беру және емдеу мекемесі жоқ ауылдарда алдағы екі жылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал жабдықпен толық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беру, жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерді заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алу, 2025 жылға дейін жолдарды 95% – ға жақсарту, кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру қаралды. Сондай-ақ, ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару және тағы да басқа мәселелер тиісінше шешілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бүгінде түлкібастық шаруалар ерте көктемнен бастап көктемгі егістік жұмыстарына белсене кірісіп, бүгінгі таңда 64485 гектар алқапқа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызып үлгерген. Оның ішінде: жаздық бидай – 2525 га, арпа – 8795 га, ноқат – 200 га, жүгері – 350 га, тары –145 га, мақсары –10 499 га, жоңышқа –29 242 га, картоп –1200 га және көкөністер –1500 га. Сонымен қатар 10 029 гектарға күздік бидай егілген. Аудан көлемінде барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1532 ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 706 трактор, 138 комбайн, 417 тіркеме және басқа да қосымша техникалар бар. Биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармайға ниет білдіруші шаруаларға жеңілдетілген бағада дизель отынын босатуға 2 оператор бекітіліп, ауданға 2990 тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді. Олар – ЖК «Узенбаев P.К» және «Санали груп» ЖШС операторлары. Шаруаларға 2 оператор арқылы жеңілдетілген жанар-жағармайдың 1 литрінің бағасы Шымкент қаласынан жеткізілуімен 204,0 теңгені құрады. Аудан көлемінде бүгінгі күнге дейін 2210 тонна ЖЖМ алынды. Қазіргі таңда мамыр айына бөлінген жанар-жағармайды толық шаруаларға босату жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қата, Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жоспарлануда. Несиелендіру ол өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары бағыттарында жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады. Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін 8,6 млн. теңгеге дейін несие 5 жылға дейін беріледі, ал мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 27,6 млн. теңгеге дейін 7 жылға дейін ұсынылады. Бүгінде алдағы үш жылда құны 172 млрд. теңгеге 3 инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда. Яғни, «Састөбе» инновациялық кешенінде каустикалық сода және цемент өндірісі (160 млрд. теңге), «Beibars Bottlers» ауыз су және алкогольсіз сусындарының өндірісі (7,6 млрд. теңге) және «Табиғи өнім LTD» серіктестігі күркетауық етін (4,4 млрд. теңге) өндіретін болады. Осы жобалар бойынша 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласында былтыр 55 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығында – 29 млрд. теңгеге. Өсімдік шаруашылығының өндірілген өнімі 26 млрд. теңгені құрады. Биыл «Ырғайлы-1» каналының күрделі жөндеу жұмыстары басталады, жалпы жобаның құны 278 млн. теңге. Жұмыстарды келесі жылы толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жалпы агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып, агро шаруашылығын субсидиялауға облыс бойынша 7,6 млрд. теңге бөлінді.
Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 5 пайызбен тауар өндірушілерге 4,8 млрд. теңге бөлінді. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 3 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9 мыңға жетіп, оларда 11 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Түлкібас ауданы бойынша былтыр 2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 158 жұмыс орындары ашылды. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті төмендетіп, халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, ауданда 51 мектепке дейінгі ұйымдар және 61 мектеп бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 6 мыңнан астам бала қамтылған. Тұрар Рысқұлов ауылындағы 300 орындық Майлыкент мектебінің құрылысына 1,2 млрд. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Бақыбек мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық мектеп құрылысына 1,5 млрд. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауылындағы 150 орындық Тұрсынбеков атындағы негізгі мектебінің құрылысына 756 млн. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Аманкелді мектебінің қосымша корпусының құрылысына 214 млн. теңге толық қаралды. Сондай-ақ, 100 орындық Абайыл негізгі мектебінің құрылысына 269 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Кершетас ауылындағы Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 238 млн. теңгеге жөңдеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.