ТӨЛЕБИДЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

0
30

Төлеби ауданының тұрғындарына мәдени және ойын-сауық қызметін көрсету мақсатында 15 мәдени нысан, 31 кітапхана жұмыс жасайды. Бірде-бір мәдениет нысандары жоқ Аққұм, Киелітас ауылдық округтерінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тиісті қаржылар қарастырылып, мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде (Аққұм биыл аяқталады, Киелітас өтпелі).

Төлеби ауданында денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 45 млн теңге бөлінді. Туу көрсеткіші бойынша 2023 жылдың 8 айында 1731 сәби дүниеге келді. 2023 жылдың 8 айында ана өлімі тіркелмеген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылға Төлеби ауданы бойынша 5 медициналық нысан (Диханкөл, Кеңесарық, Жаңажол, Зертас, Аққұм) салу жоспарланып отыр. Төлеби ауданында спорт саласын дамыту мәселесі ерекше назарда. Тұрғындардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 400 спорттық нысан жұмыс жасайды. Соңғы жылдары аудан аумағында мемлекет есебінен 6 кіші футбол алаңшасы және демеушілер тарапынан күрес түрлерінен 1 спорт кешені және 7 футбол манежі салынды. Сондай-ақ, бюджет есебінен Бірінші Мамыр және Көксәйек елді мекендерінде замануи үлгідегі спорт кешендері салынуда. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі спорт кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны биыл 8 айда 50 мың адамды құрап, аудан халқының 41%-на жетті.

Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың 8 айында 87 млрд. теңгеге жетіп былтырғы жылмен саластырғанда 11 пайызға өсті. (2022 жыл 8 ай – 77 млрд.теңге). Жалпы өңірлік өнімнің құрылымы бойынша былтыр 38 пайызы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке 37 пайызы, саудаға 19 пайызы, құрылысқа 6 пайызы тиесілі болды. Сондай-ақ, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 716 мың теңге болып отыр (2022 жылдың 8 айымен салыстырғанда 113%-ға жоғары).

Жалпы ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі былтыр 8 айда 27,6 млрд. теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 31,2 млрд. теңгеден асты (2023 жыл жоспар 46 млрд теңге). Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі былтыр 8 айда 25,6 млрд. теңгені құраса, ағымдағы жылы 11,7 пайызға артып 28,6 млрд. теңгеге жеткен (2023 жыл жоспар 42 млрд теңге). Аудан, қалалардың кесіндісінде Төлеби ауданы өнеркәсіп саласы бойынша 3 орынға жетіп отыр.

Leave a reply