Thursday, November 14

САЙРАМ: ҚАСІРЕТТІ ТАРИХТАН МОЛ ТАҒЫЛЫМ АЛҒАН ЕЛМІЗ

0
5

Ақсукент ауылында орналасқан «Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібіндегі 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков және алқа мүшелері, кәсіби медиатор Сайера Даванова және Хамидахан Ирисметова, «Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің басшысы Дана Сыдықова, Ассамблея жастары қатысты.
Кездесуді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Саяси-қуғын сүргінге ұшыраған арда азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кеңес отырысында А.Қабылбеков: 1997 жылы 31 мамыр – саяси репрессия құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.
Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат.
Өткеннің өкінішті кезеңдерін еске алсақ, 1925 жылы елімізді басқаруға келген Филипп Голощекин Қазақстанды «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары жаппай қуғындауға ұшырады. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды Қазақ елінен қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес.
«Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз» – деп ойымен бөлісті.
Шара соңында ауданымыздың құрметті азаматы Әлібек Байназаров саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына құран бағыштады.

Leave a reply