Thursday, November 21

САЙРАМ: АУДАНДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ЖӘНЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АЭС САЛУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

0
8

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалында зиялы қауым және этномәдени бірлестік өкілдерімен АЭС салу бойынша «Дөңгелек үстел» жиыны өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сайрам аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Қабылбеков: АЭС адамзатқа қауіпті болса, өркениетті елдер бұдан бас тартар еді. Одан бөлек, қазір әлемде 60-қа тарта АЭС салынуда. Көршілес Өзбекстан да АЭС салудың қамына кіріскен. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұр, ал уран қоры бойынша екінші орында. Дамыған мемлекеттердің өзі АЭС-ке қажетті шикізатты бізден алып отыр. Ядролық отын өндіретін зауыт та өзімізде бар. Осыншама ресурсты, зор әлеуетті елдің игілігіне, экономикалық тәуелсіздігімізді нығайтуға жұмсамасақ, оның пайдасын қашан көреміз? АЭС құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды да дамытуға серпін береді. Жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер салынады – деді.
Аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі М. Көпеев: Атом энергетикасы – экономикалық жоба. Елімізде энергия жетіспеушілігі жылдан-жылға өзекті болып келе жатқанын, Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан, 2 пайызы күн, жел мен судан өндіріледі. Біздегі энергетикалық инфрақұрылым күн санап ескіріп барады. Станциялардың 65 пайызы тозған. Әсіресе, энергия тапшылығы біздің оңтүстік аймақтарда анық байқалып отыр. Бұл тұрғындар қажеттілігімен қатар кәсіпкерлікті дамытуға да үлкен кедергі болады. Энергетика саласының мамандары мен ғалымдар атом энергетикасын дамыту – осы күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы екенін айтып жатыр. Ең негізгі мәселе – қауіпсіздік. Халықты алаңдатып отырған басты мәселе де осы. Қазіргі уақытта әлемде жұмыс істеп тұрған 415 ядролық реактордың барлығы дамыған елдерде орналасқан – деп өз ойымен бөлісті.
Дөңгелек үстелге кеңесу үшін жиналған қатысушылар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атом энергетикасының артықшылықтары АЭС салу туралы, оның қауіпсіздігі халықаралық ұйымдар тарапынан қандай талап-ережелермен қорға¬ла¬тыны жайында өз ойларын ашық ортаға салды.

Leave a reply