ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ МАҢЫЗДЫ ЖЕТІСТІГІ ҰЛТТАРДЫҢ ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҒЫ
«Ақжол» демократиялық партиясының мүшесі және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Абдирасул Жантілесұлы Курбаналиев жыл басынан бері атқарған жұмыстарына есеп берді. Жыл басы еліміздің қауіп төнген Қаңтар оқиғасымен басталды. Елімізде орын алған жайсыз жағдай мемлекетімізге айтарлықтай зиян келтірді. Халықтың атын жамылып экстремистік топтар ереуіл ұйымдастырып, ел арасына іріткі салып, жазықсыз қан төгіліп, еліміз едәуір материалдық шығынға тап болды. Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жіті қадағалауының нәтижесінде келеңсіз жағдайлар жойылып, реттелді.
Ел басына түскен ауырпалықты «Ақжол» демократиялық партиясының мүшелері де елмен бірге көтеруге қашанда әзір екенін іспен дәлелдеп отырды. 7-8 қаңтарда облыстық мәслихат депутаты Абдирасул Жантілесұлы облыс шекараларындағы блок посттарда күзетте тұрған полиция қызметкерлері мен әскерилерге қой сойып, азық-түлік жеткізді. Түркістан қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мұсабеков Базарбай Зубайдуллаұлының төрағалығымен өткен жиында қоғамдағы жастардың алатын орны мен тәрбиесіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланған жиынға қатысып жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға көңіл бөліп, жұмыс жасауға ұсыныс білдірді. Жастарды қаламыздағы қоғамдық жұмыстарға көптеп тартып, ел ағаларын жастарға бағыт бағдар беруге, және патриоттық тәрбиесін арттыруға елімізде орын алған келеңсіз оқиғаға атүсті қарамай қала жастарын патриоттық тәрбиеге бастап, жаңсақ пікірден- ойдан аулақ болуға шақырды. Бабайқорған елді мекеніне газ құбырын тарту мен жол жөндеу жұмыстарына барынша атсалысты. Түркістан қаласы Бекзат мөлтек ауданының тұрғындарынан түскен арыз өтініштерінде жарықтың жоқтығы, жаяу жүргіншілердің (тротуарлардың) жоқтығы, барының ахуалының сын көтермейтіндігі айтылған болатын, қазіргі уақытта жарық көшелерге келді.
Жығылғанды көтеріп, сүрінгенді демеп, тарыққанға қамқорлығын аямайтын Атымтай Жомарттар халық арасында.
«Ақжол» демократиялық партиясының мүшесі және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Абдирасул Жантілесұлы Курбаналиев солардың бірі. Арыс қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерге Жаңа Жылға сыйлықтар дайындап әр балаға оқу жабдықтарын тарту етіп бір қуандырды. 28 қаңтар 2022 жылы «Ақжол» демократиялық партиясының мүшесі және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Абдирасул Жантілесұлы Курбаналиев мен Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ардақ Үсенұлы Мансұров ел аралап, қаңтар оқиғасынан кейінгі халықтың жай-күйімен танысып қайтты. Жиырма отбасына қыстық көмір алып беріп, отыз мектеп оқушысына жылы киім үлестірді, елу шақты отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық, ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ күні бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі ару қыздарымызды құттықтап қасиетті Түркістанымыздың 100 жасаған әжелеріне мерекелік тарту сыйлады. Қасиетті Рамазан айы да назардан тыс қалған жоқ, елу шақты күн көрісі төмен отбасыларына азық -түлік таратып, мешітте ас берді.
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ақжол» демократиялық партиясының мүшесі және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Абдирасул Жантілесұлы Курбаналиев бір топ әріптестерімен бірге жерлесіміз мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып қайтты.
Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық мүдделер – мемлекеттің негізгі басымдықтары. XX ғасырдағы «Алаш» ұлттық автономиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан: «Мемлекеті жоқ халық – жетім» деді. Қазақ РеспубликасыныңТәуелсіздігін қамтамасыз ету және оның ұлттық мүдделерін қорғау – өзін республика азаматы санайтын кез-келген адамның парызы. Тәуелсіздік – ол біздің еліміз, жеріміз, тіліміз бен діліміз. Тәуелсіздік – біздің өз жолымызды өзіміз таңдау мүмкіндігіміз, келешек ұрпақтың болашағы үшін біздің жауапкершілігіміз.
Тәуелсіздік пен еліміздің тұтастығы, әрбір адамның өмірі, құқығы және бостандығымен қатар тұратын басты құндылық.
Тәуелсіздік бастауында – қазақ халқының еркіндігі мен елдігінің негізінде «Алаш» ұлттық идеясы жатыр. Қазақ елі үшін Алаштан артық идея жоқ.
«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары Тәуелсіз Қазақстанның парламенттік мінбесінен Алаш ұстанымдарын мемлекеттік деңгейде көтеріп келе жатыр.
Тәуелсіздігіміздің ең маңызды жетістігі – мемлекетімізде өмір сүретін барша этностардың бір-бірінің ұлттық сезіміне, тілі мен мәдениетіне өзара сыйластықпен қарауы.
«Ақ жол» демократиялық партиясын тәуелсіздіктен бөліп қарау мүмкін емес, себебі партияның басты принциптері тек қазақ халқының мұң мұқтажы, халық болып дамуы, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуі, демократия принциптерімен даму және парламентаризмге көшу . Осы жылдар ішінде Ақжол партиясының атқарған істері мен көтерген мәселелері аз емес. Елмен біте қайнасып, мемлекетіміздің дамуына зор үлесін қосып келеді. Ақжол партиясы республика көлемінде беделді, өз принциптерін айқын дәлелдеп келе жатқан партия. Халықпен біте қайнап үкіметке өз ойларын ашық жеткізіп, қоғамдық талқылауға түсетін өзекті мәселелерді көтеріп жүреді. Халық қашан да Ақжолдың болашағына сенімді және зор үміт күтеді.
Ескендір ЕРТАЙ.