ХАЛЫҚТЫҢ СӨЗІ – НАЗАРДА

0
60

«AMANAT» партиясының басты қағидаттарының бірі – халық үніне құлақ асу, әрбір азаматтың талабына дер кезінде жауап беру. Осы мақсатта партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері ел ішінде тұрақты түрде жұмыс істеп, тұрғындардың мәселесін шешуге ықпал етіп келеді.

Бүгінгі кезекті қабылдау Әл-Фараби аудандық филиалында өтті. Оған Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы қатысып, аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген әрбір азамат өз өтінішін айтып, мұң-мұқтажын жеткізді. Олардың арасында:

Көпқабатты тұрғын үйлердегі лифттердің істен шығуы,

Қаладағы түнгі клубтардың қызметін шектеу қажеттігі,

Қоғамдық көліктердің жеткіліксіздігі сияқты тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін мәселелер бар.

Депутат бұл мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, тиісті мекемелермен бірлесе отырып, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Кездесу барысында Төреайым Жолдыбайқызы әрбір өтінішке мұқият назар аударып, заң аясында түсініктемелер берді. Шешімін талап ететін сұрақтар хаттамаға енгізіліп, жауапты мемлекеттік органдарға жолданды. Ал кейбір өтініштерге сол сәтте нақты жауап беріліп, тұрғындар қажетті ақпарат алды.

Қоғамдық қабылдау барысында айтылған әрбір мәселе назардан тыс қалмады. Бұл партияның «Айтылды – орындалды» қағидатына берік екенін дәлелдейді. Халықтың сұранысы мен талап-тілегін тыңдау арқылы жүйелі шешімдер қабылданып, тұрғындардың билікке деген сенімі нығайып келеді.

«AMANAT» партиясының өкілдері атап өткендей, мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және өзекті түйткілдерін шешуге бағытталатын болады.

Leave a reply