ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТРДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

0
116

Театр – мәдениет мешіті. Театр – адам жанын анық көрсете алатын әлемдегі жалғыз айна. Театр – тірі пендені туыстыратын шығармашылық отбасы. Осы ретте мәртебелі оқырмандарға әлемдегі ең әдемі, ең танымал 7 опера театрын ұсынуды жөн көріп отырмыз. 

1. Ковент Гарден (Covent Garden) – Лондон қаласындағы Корольдік опера театры (Royal Opera House).

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Ұлыбританияның ең ірі өнер ордасы 1732 жылы белгілі театр қайраткері, актер Дж.Ричтің ықпалымен салынды. Театр негізі о бастан 2250 орынды опералық әрі драмалық орда болып қаланды. 1808 жылы қайта салынып, 1847 жылдан бастап мәдени ошақ толығымен опера театрына айналып, тұсауы Россинидің «Семирамида» операсымен кесілді. 1856 жылы театр ғимараты өртеніп кеткен соң, қайта қалпына келтірілді. 1892 жылы театрға Корольдік опера театры атағы берілді.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Театр ашылған жылы Пепуштың «Опера нищих» қойылымының премьерасы өтті. 1734-1737 жылдары Гендельдің «Верный пастух», «Ариодант», «Альцина» т.с.с. операларының тұсауы кесілді. Арнайы Ковент Гарден үшін Вебер 1826 жылы «Оберон» операсын жазды.

XIX ғасырда Ковент Гарден театрында Малибран, Тамбурини, Джулия, Гризи, Патти сынды сол кезде кеңінен танылған әншілер өнер көрсетті. Ал XIX ғасырдың соңында театрда кез келген шығарманы түпнұсқа тілінде орындау дәстүрі енгізілді. 1892 жылы Малердің жетекшілігімен Гамбург труппасы «Кольцр нибелунга» тетралогиясын қойды.

XX ғасырдың ең елеулі шығармалары: 1910 жылы «Электра» мен Дилиустың «Сельские Ромео и Джульетта» операсы, 1928 жылы «Борис Годунов» (басты партияны Федор Шаляпин орындаған), 1953 жылы «Норма», 1961 жылы «Қарғалы мәтке» (дирижёр Мелик-Пашаев). 1946 жылдан бері театрда «Сэдлерс-Уэлс-балле» балет труппасы жұмыс істейді.

Опера сахнасында Бриттеннің шығармалары қойылды. 1951 жылы «Билли Бад», 1953 жылы «Глориана», 1986 жылы «Сон в летниюю ночь», 1995 жылы «Питер Граймс» сияқты опералары қойылып, театр репертуарына енді. 1995 жылдан бері Ковент Гарден театрында жыл сайын Вердиев фестивалі өткізіледі.

2. «Ла Скала» (италиян тілінде Teatro alla Scala или La Scala) — Милан қаласындағы опера театры.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Театр ғимараты 1776-1778 жж. сәулетші Джузепе Пьермаринидің жобасымен Санта-Мария делла Скала шіркеуінің орнына салынған. 1778 жылы 3 тамызда театр Антонио Сальери «Признанная Европа» операсымен ашылды. 2001 жылы Ла-Скала қайта жөндеуге жабылып, барлық қойылымдар Арчимбольди театрына көшірілді. 2004 жылы қойылымдар есік ғимаратта жалғасты, Арчимбольди театры Ла-Скало театрымен тығыз байланыста.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Тарихы 

XVIII ғасырдың соңында XIX ғасырдың басында театр репертуарында итальян сазгерлері П. Анфосси, П. Гульельми, Д. Чимарозы, Л. Керубини, Дж. Паизиелло, С. Майра опералары болды. Театр сахнасында Дж. Россинидің «Пробный камень» (1812), «Аврелиан в Пальмире» (1813), «Турок в Италии» (1814), «Сорока-воровка» (1817), Дж. Мейербераның  «Маргарита Анжуйская» (1820), «Изгнанник из Гренады» (1822), Саверио Меркадантенің шығармаларының премьералары өтті.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

1830 жылдан бастап театр репертуарында Г. Доницетти, В. Беллини, Дж. Верди, Дж. Пуччини шығармалары, сонымен қатар, «Пират» (1827) и «Норма» (1831) Беллини, «Лукреция Борджа» (1833) Доницетти, «Оберто» (1839), «Набукко» (1842), «Отелло» (1887) и «Фальстаф» (1893) Верди, «Мадам Баттерфляй» (1904) и «Турандот» Пуччини шығармалары енгізілді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде театр ойрандалып, 1946 жылы инженер Л. Секки қайта қалпына келтіріп, театр ашылды.

Ла Скала опера театры неоклассикалық стилдің үлгісі, ал ішкі жағы XVIII ғасырдың сәулет өнерінің эталоны болып табылады. Музыка, опера және балет өнеріне құмар жандар бұл театрды әлемнің жеті кереметінің бірі деп есептейді.

Ла Скала театрының концерттік маусымы желтоқсан-маусым аралығында өтеді. Күзде театрда симфониялық кештер өткізіледі. Маусым салтанатты түрде 7 желтоқсанда Милан жебеушісі Ардақты Амвросия күнінде ашылады. Қойылымдарға билет алу өте қиын. Билет сату алдын ала интернет немесе арнайы тапсырыс беру арқылы өткізіледі. Ақсүйек қауым өткен ғасырлардағыдай театрдағы ложаны қалайды. Саудагерлер мен қалталы американдықтар «Т аймағындағы» партерді таңдайды. Ал нағыз өнерсүйер қауым жоғарғы қатардағы орындарға жайғасады. Себебі, дыбыс акустикасы жақсы естіледі.

Білгірлерді атауынша, «C-point» атты арнай нүктеге қадалып, Мария Каллас өз даусының зор мүмкіндіктерін сол жаққа қарай бағыттайды.

Театр әкімшілігінің талабы бойынша премьералық қойылымдарға ер азаматтар қара түсті костюм мен галстук тағып келуге міндетті. Ал ханымдар кешкі көйлек пен ішіктерде кіре алады. Ұялы телефон, фотоаппарат, бас киім, қолшатыр гардеробқа өткізіледі. Ла Скала сахнасында әлемге танымал итальян және шетел опера жұлдыздары өнер көрсеткен. Олар XX ғасыр әртістері Э. Карузо, Титта Руффо, де Лука, Т. Скипа, Б. Джильи, Г. Бензанцони, М. Канилья, М. Дель Монако, М. Каллас, Р. Тебальди, Б. Христов, Ф. Корелли, Ф. Шаляпин, Л. Собинов.

3. Вена мемлекеттік опера театры

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Әлемнің ең үздік театрларының бірі Австрия астанасы Вена қаласында орналасқан өнер ордасы 1869 жылы мамыр айында Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылды. Театр ғимараты ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде біраз қиратылды. 1955 жылы ғимарат қалпына келтіріліп, Бетховиннің «Фиделио» операсымен ашылды. Әр жыл сайын театрда 60-тан астам жаңа операның тұсауы кесіліп, театр жылдың 285 күні жұмыс істейді. Сондай-ақ, театр жыл сайын «Опера балын» ұйымдастырады.

4. Одесса ұлттық академиялық опера және балет театры

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Одесса ұлттық академиялық опера және балет театры — құрылысының салыну уақыты мен мен даңқы жағынан Одессадағы алғашқы театр. Алғашқы ғимараты 1810 жылы ашылып, 1873 жылы өртке оранған. Қазіргі ғимараты 1887 жылы сәулетшілер Фелнер мен Гельмердің көмегімен жаңа Вена Барокко стилінде салынған. Көрермендер бөлмесінің интерьері француз Рококо сәулетімен сәнделген. Театрдың ерекше акустикасы сахнадан залдың кез-келген бұрышына тіпті сыбырды жеткізуге мүмкіндік береді. Театр ғимаратын толығымен қалпына келтіру жұмыстары 2007 жылы аяқталған.

5. Сидней опера театры

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Сидней опера теарты әлемдегі ең танымал және ең ерекше ғимараттардың бірі. ХХ ғасырдың ортасына дейін Аустралияда (әсіресе Сидней қаласында) опера театры жоқ еді. Сидней симфониялық оркестрінде жаңа бас дирижері Юджин Гусенс опера театрын құру идеясын ұсынады. Бірақ опера театрын құру қала үшін ең басты мақсаттардың бірі емес еді. Сол уақытта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, мемлекет алдында басқа маңызды жобалар болды.

1954 жылы Сидней опера театрының құрылысына қаражат жинала бастады. Қаражат жинау 1975 жылға дейін созылды. Жалпы 100 миллион доллар көлемінде ақша жиналды. Болашақ ғимараттың орны болып мыс Беннелонг Пойнт болып тағайындалды. Алғашында опера және балет спектакльдеріне, сондай-ақ симфониялық музыкаларға арналған, үш мыңға жуық адамды орналастыру керек еді. Екіншіден, драмалық және камералық музыкаға 1200 адам қажет.

Құрылыс 1959 жылы басталды. Құрылыс кезінде көптеген қиындықтар туындады. Үкімет бөлмелердің санын екіден төртке дейін арттыруды талап етті. Құрылыстың жалпы құны 102 млн. аустралиялық долларды құрады. 1973 жылы 28 қыркүйекте Сидней опера театры өз қақпаларын ашты. Алғашқы қойылым С. Прокофьевтің «Соғыс және бейбітшілік» операсы болды. Ресми ашылу рәсімі 20 қазанда  Елизавета II қатысуымен өтті.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Сипаттамасы

Австралиядағы опера театры, ең алдымен, классикалық стильде жасалған. Осыған ұқсас типтегі басқа құрылымдардан айырмашылығы экспрессионизмнің жарқын көрінісі болып табылады. Сидней опера театры үш жақтан сумен қоршалған және тіреулер арқылы тұрғызылған. Театр алаңы 22 мың шаршы метрді құрайды: оның ұзындығы 185 м, ені 120 м. Ғимараттың ішінде көптеген театр залдары, шағын студиялар мен театр алаңдары, сондай-ақ мейрамханалар, барлар мен дүкендер орналасқан.Негізгі бөлмелердің саны төртеу. Олар: 1.Концерт залы. 2679 көрерменді сыйдыра алатын ең үлкен театр бөлмесі. Мұнда әлемдегі ең үлкен орган(музыкалық аспап) орнатылған: ол 10 мың құбырдан тұрады;2.Опера театры. бұл залға 1507 көрермендер сыя алады. Оның сахнасында тек опера ғана емес, сонымен бірге балет те көруге болады;3.Драма театр. 544 адамға арналған;5.Кіші драмалық көріністер. 398 адамға есептелген және операның ең ыңғайлы ғимараты болып саналады;

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Сиднейдегі опера театрының ең керемет бөлігі оның шатыры мен желкендері. Шатырдың биіктігі 67 м, диаметрі 150 м, 2 мыңнан астам секциялардан тұрады. Салмағы 30 тоннаны құрайды. Конструкция жалпы ұзындығы 350 км болатын металл кабельдермен бекітілген. Басқа желкендер кішігірім бөлмелердің үстінде орналасқан және мейрамханалардың ең кіші жағында орналасқан.

6. Гранд Опера театры 

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Париж қаласы Эйфель мұнарасымен ғана танымал емес. Франция елінің астанасында есімі көпшілікке белгілі Гранд Опера театры бой көтерген. 1669 жылы XIV Людовиктің келісімімен сазгер Камбер мен ақын Перрен театр негізін қалады. Ғасырлар бойы театр өз атауы мен мекен-жайын бірнеше мәрте өзгертті. 1875 жылы сәулетші Шарль Гарньенің жобасымен қаланың IX округінде театр ғимараты тұрғызылды. Орыс сазгері И.Стравинскийдің «Мавра» операсының тұсауы осы театрда кесілді. Қазіргі таңда Гранд Опера театрының атауы Гарнье Сарайы болып өзгертілді.

7. Метрополитен Опера театры

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

Американың Нью-Йорк қаласында орналасқан Метрополитен Опера театры 1883 жылы Ш.Гуноның «Фауст» операсымен ашылды. Театр өнерінің ең жас корифейі Метрополитен Опера өз қызметін жеке және заңды тұлғалардың демеушілігімен ұйымдастырады.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТР

1966 жылы театр Манхэттендегі Линкольн-центрге көшті. Театр сахнасында жылдың жеті айында күн сайын қойылымдар көрсетіледі.

madeniportal

Leave a reply