
Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мәдениет пен адамгершілікті қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады.
Отбасы құндылығын арттыру, қоғамда отбасының мәртебесін арттыру – мемлекеттік отбасылық саясаттың негізгі құрамы. Әр отбасы – мпемлекетті құраушы негізгі күш. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «әр отбасы – еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуінің негізі, сондықтан мемлекет отбасы институтына қолдау көрсетіп, оны жан-жақты жүргізетінін» айрықша атап өткен болатын. Осының өзі мемлекетіміздің отбасы құндылықтары мен институттарына терең мән беретінін көрсетеді.
Осы орайда, Индустриалды инновациялық колледжінде Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Отбасым – мақтанышым» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты – жас буынға отбасы құндылықтарының маңызын ұғындыру, сыйластық пен жауапкершілікке тәрбиелеу, татулық пен бірліктің қоғамдағы рөлін насихаттау.
Семинар барысында отбасының әрбір мүшесінің орнын бағалау, ата-анаға құрмет пен бауырмалдықтың мәні кеңінен талқыланып, түрлі мысалдар келтірілді.
Қатысушылар пікір алмасып, отбасындағы тәрбиенің жас ұрпаққа берер үлгісі жайында ой бөлісті.
Отбасы – адам баласының ең алғашқы мектебі, болашақ қоғамның айнасы. Осындай тағылымды шаралар жастардың рухани дамуына зор үлес қосады.












