Адал еңбек пен әділдікке арқа сүйеген ұстаз

0
67

Жаналиева Дилрабо Тойчивайқызы – өмірін жас ұрпаққа білім беруге арнаған адал еңбектің иесі. Ол 1971 жылы 1 шілдеде Шымкент қаласы, Сайрам ауылында дүниеге келді. Балалық шағы қарапайым, еңбекқор әрі тәрбиені биік қойған отбасында өтті. Жастайынан оқуға ынтасы жоғары болып, әсіресе тарих пен әдебиетке қызығушылығы ерте оянды. Бала күнінен-ақ ұстаз болуды арман еткен Дилрабо бұл мақсатқа адалдық пен еңбекқорлықтың арқасында жетті.

1978 жылы Сайрам ауылындағы №4 Фрунзе атындағы орта мектептің табалдырығын аттаған сәттен бастап оның білімге деген құштарлығы арта түсті. Әдебиеттік оқу пәніне ерекше ықыласы оянған жас қыздың болашақ мамандығы да осы арманнан бастау алды. Кейін ол педагог болуды мақсат етіп, табандылықпен сол бағытта ізденді.

2000 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бастауыш сынып мамандығына оқуға түсіп, 2004 жылы ойдағыдай тәмамдады. Осыдан кейін ұстаздық еңбек жолын туған мектебінде – №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектепте бастады. Ал 2021 жылы Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Сайрам елді мекеніндегі №139 мектепке ауысып, еңбек жолын жалғастырды. Бүгінде ол шәкірт тәрбиесінде адалдық пен әділдікті басты қағида етіп ұстанып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат» тұжырымдамасында айтылғандай, ұстаздың басты миссиясы – оқушыны тек біліммен ғана емес, рухани-адамгершілік қасиеттермен де сусындату. Жаналиева Дилрабо өз еңбегінде осы қағиданы басшылыққа алып, әрбір баланы әділдікке, адал еңбекке, отансүйгіштікке тәрбиелеуді өзінің азаматтық парызы санайды. Оның шәкірттері сабақта білім ғана емес, өмірлік құндылықтарды да меңгереді.

Ұзақ жылғы еңбегінде ол талай жетістіктерге жетті. Шәкірт тәрбиелеу ісінде үнемі ізденісте болып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ерекше көңіл бөледі. Бұл оның адал еңбегі мен кәсіпке беріктігінің айғағы.

Қазіргі таңда отбасылы, екі қыздың анасы, жеті немеренің ардақты әжесі. Отбасында да, ұжымда да сыйлы, өнегесі мол жан ретінде танылған. Өмірлік тәжірибесін шәкірт тәрбиесіне арнап, әрбір оқушының жүрегіне ізгілік пен әділдіктің дәнін себуде.

Дилрабо Тойчивайқызының басты мақсаты – кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп, елдің білім саласының дамуына сүбелі үлес қосу. Оның ұстаздық жолы – адалдыққа, еңбекқорлыққа және шәкірт тәрбиесіне деген шынайы беріктікке негізделген. Шын мәнінде, ол Тоқаев айтқан «Адал азамат»

Leave a reply