ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ОҢ ҮРДІСІ ҚАЛЫПТАСТЫ

0
22

Экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің бірі – инвестиция тарту. Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүзеге асырылып жатқан кешенді жұмыстар өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтып отыр.  Экономиканың негізгі салаларында оң көрсеткіштердің қалыптасуы, инвестиция көлемінің артуы, өндіріс орындарының ашылуы және кәсіпкерліктің дамуы облыстың республикалық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.  Өнеркәсіп өнімінің көлемі 571,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 133%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 272,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 156,5% деңгейінде қалыптасты. Тау-кен өндірісі 244,7 млрд.теңгеге немесе өсім деңгейі 117,6%-ға жетті. Жоспар толық орындалды. Ауыл шаруашылығында сәуір айының қорытындысымен 205,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім қарқыны 111,3%-ды құрады. Жыл басынан негізгі капиталға 470,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 157,4%-ды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 95,8 млрд теңге жетіп, өсім 110,3% деңгейінде қалыптасты.  Қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткіштері бойынша Түркістан облысының алдыңғы қатардан көрінуі өңірде жүргізіліп жатқан жүйелі саясат пен нақты жобалардың нәтижесін көрсетеді. Бүгінде облыста өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, туризм және қызмет көрсету салаларында қарқынды даму байқалады. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының әртараптануына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашуда.

 Соңғы жылдары Түркістан облысында отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен көптеген жобалар іске асырылуда. Индустриялық аймақтарда жаңа өндіріс орындары ашылып, заманауи кәсіпорындар іске қосылуда. Инвестициялық жобалар өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, мыңдаған жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік беруде. Өнеркәсіп саласында да оң динамика қалыптасқан. Өңірде құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да бағыттар бойынша жаңа кәсіпорындар жұмысын бастауда. Әсіресе мақта-тоқыма кластерін дамыту, су үнемдеу технологияларын шығаратын өндірістерді көбейту және өңдеу өнеркәсібін кеңейту бойынша қолға алынған жобалар облыстың өндірістік әлеуетін арттыруда.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында да еліміздің жетекші өңірлерінің бірі болып саналады. Суармалы жер көлемінің көп болуы, агротехнологиялардың енгізілуі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының көбеюі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына оң әсер етуде. Бұл сала өңір экономикасының маңызды тіректерінің бірі ретінде халықты жұмыспен қамтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал жасап отыр.

Сонымен қатар құрылыс саласындағы белсенділік те экономикалық өсімге елеулі үлес қосуда. Түркістан қаласы мен облыстың өзге де аудан-қалаларында тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар, өндірістік инфрақұрылым және инженерлік желілердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс көлемінің артуы бірқатар сабақтас салалардың дамуына серпін беріп келеді. Кәсіпкерлік сектордың дамуы да өңір экономикасының тұрақты өсуіне ықпал етуде. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы жаңа кәсіпкерлік бастамалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде халықтың табысы өсіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік туып отыр. Туризм саласы да облыс экономикасының маңызды бағыттарының біріне айналды. Түркістан қаласының халықаралық деңгейдегі туристік орталық ретінде дамуы қонақүй бизнесі, сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету салаларының өркендеуіне жол ашуда. Бұл бағыттағы инвестициялық жобалар өңірдің экономикалық белсенділігін арттырып келеді.

Жалпы, Түркістан облысының қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша жоғары нәтижелер көрсетуі өңірде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар мен жүйелі реформалардың тиімділігін дәлелдейді. Инвестиция тарту, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, облыстың экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Түркістан облысы еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын жетекші өңірлердің бірі ретінде өз позициясын одан әрі күшейте түспек. Түркістан облысының қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша республикада үздік үштікке енуі – өңірде жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар мен жауапты басқарудың нәтижесі. Нақты индикаторларға негізделген бағалау жүйесі әкімдердің жұмысын саралап қана қоймай, олардың тиімділігін арттыруға серпін беріп отыр. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 113,9 пайызды құрап, Түркістан облысы республика бойынша үшінші орынға тұрақтады. Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриалдық және «Turan» арнайы экономикалық аймақтары құрылған.

Leave a reply