КЕНТАУДА 300 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚШАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Кентау қаласында мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда жеке инвестордың қаржысы есебінен 300 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов құрылыс нысанына барып, жұмыстардың барысымен танысты. Қала басшысы нысанды аралап, құрылысқа жауаптылармен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.
Заман талабына сай бой көтеріп жатқан ғимаратта қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан қажетті инженерлік инфрақұрылыммен, атап айтқанда ауыз су, электр энергиясы, табиғи газ және кәріз жүйелерімен қамтамасыз етілген.
Құрылыс жұмыстары 2027 жылға өтпелі болып жоспарланған. Балабақша толық пайдалануға берілгеннен кейін 300 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылатын болады. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының мектепке дейінгі мекемелерге деген сұранысын азайтуға мүмкіндік береді.
Нысанның құрылыс барысын бақылаған қала әкімі жауапты мекемелерге жұмыстарды белгіленген талаптарға сай, сапалы әрі уақытылы жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар құрылыс алаңындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.












