«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
22
«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттары мен сайлауалды штабының мүшелері Түлкібас ауданында тұрғындармен экспромт-кездесу өткізді.
Кездесуде партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алмас Салимов 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды. Жиынға облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен штаб мүшелері қатысты.
-Бағдарламада өңір экономикасын дамыту, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне басымдық берілген. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау арқылы жергілікті экономиканы дамыту көзделген, — деді Алмас Салимов.
Сондай-ақ, партия бағдарламасында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, жол, ауызсу және газбен қамту, тұрғын үй құрылысын дамыту, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау сапасын арттыру бағыттары қамтылған.
Білім беру саласында мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, жаңа білім нысандарын салу, педагогтерді қолдау және кәсіптік білім беруді дамыту жоспарланған. Сонымен қатар, спорт пен мәдениетті қолдау, цифрландыру және экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері де назардан тыс қалмаған.
Кездесу барысында тұрғындар бағдарламаның түрлі бағыттары бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарын жеткізді. Кандидаттар мен штаб мүшелері қойылған сауалдарға жауап беріп, партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларын түсіндірді.
Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave a reply