«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

0
14

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Алмас Салимов бастаған облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды штабының мүшелері Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылының тұрғындарымен кездесті.


Жиында «Әділет» партиясының Түркістан облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Кездесу барысында Алмас Салимов партияның алдағы бес жылға арналған негізгі міндеттеріне тоқталып, бағдарламаның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Бағдарламада Ата заңымызда бекітілген Әділет, Заң мен Тәртіп, Жауапкершілік, Патриотизм, Прогресс және Келісім қағидаттары басшылыққа алынған. Құжат бірнеше басым бағыттан тұрады. Онда тұрақты жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын қолдау, жол және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, сапалы білім мен медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді мәселелер қамтылған.
-Түркістан облысында 2 миллионнан астам тұрғын бар, олардың 75,5 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Осыны ескере отырып, бағдарламада ауылдарды дамытуға, шаруаларды қолдауға және халықтың табысын арттыруға ерекше назар аударылып отыр, -деді Алмас Салимов.
Кездесуде сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары бойынша жоспарланған нақты көрсеткіштер мен жобалар таныстырылды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave a reply