«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ МЕН ЖҰМЫС ОРНЫ МАҢЫЗДЫ

0
17

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттары мен сайлауалды штабының мүшелері Жетісай ауданындағы «Жетісай қызмет» және «Жетісай су» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесті.
Жиынға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Алмас Салимов қатысты.
Алмас Салимов өз сөзінде елді мекендердің өркендеуі мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуда коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегі ерекше екенін атап өтті. Ауызсу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі, тазалық пен абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымның қалыпты қызметі күнделікті қажырлы еңбекті қажет етеді. Сондықтан еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мен тұрақты жұмыспен қамту партия бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі екеніне тоқталды.
Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін Түркістан облысында 105 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, өңірде мыңдаған тұрақты жұмыс орны құрылады. Соның ішінде Жетісай ауданында 5 инвестициялық жоба арқылы 350-ге жуық жұмыс орнын ашуға ықпал ету жоспарланған. Бұл жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына және аудан экономикасының дамуына серпін береді.
Денсаулық сақтау бағытында Жетісай ауданының Абай және Ақниет ауылдарында медициналық пункттер салу, Қызылқұм елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ашу, сондай-ақ Достық ауылында медициналық пункт пайдалануға беру жоспарланған. Бұл ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мәдениет пен спорт саласында да нақты міндеттер айқындалған. Жылысу елді мекенінде мәдениет үйі мен кітапхана салу, Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрын күрделі жөндеу, сондай-ақ Ынтымақ және Қазыбек би елді мекендерінде спорт кешендерін пайдалануға беру көзделген.
Кездесу барысында партия өкілдері ұсынылған бастамалардың негізгі мақсаты өңірдің экономикалық әлеуетін арттырумен қатар, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдардағы инфрақұрылымды жаңғырту және әрбір азаматқа лайықты еңбек етуге мүмкіндік жасау екенін жеткізді.
Басқосу соңында коммуналдық мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, партия бағдарламасын қолдайтындықтарын жеткізді.

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave a reply