ҚАЗЫҒҰРТТА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОБАСЫ НӘТИЖЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Қазығұрт ауданында заң және тәртіп бұзушылыққа қарсы қоғамдық мәдениет қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан көлемінде құқықтық тәртіпті нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты нәтижеге бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылып келеді. Аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының бірлесуімен заң бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және жастардың бойында заңға құрметпен қарау әдетін қалыптастыруға басымдық берілуде.
Аудан аумағында құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне қатысты нөлдік төзімділік қағидатын енгізу арқылы тұрғындар арасында заңды сақтау мәдениеті қалыптасып келеді. Бұл бағытта құқық қорғау органдарының қатысуымен қоғамдық рейдтер тұрақты түрде жүргізілуде. Тұрмыстық жанжалдар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ауыл әкімдері учаскелік инспекторлармен тығыз қарым қатынас орнатқан. Әсіресе отбасылық тәртіп бұзушылық пен жасөспірімдер арасындағы құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмауға ерекше назар аударылып отыр.
Қоғамда заңға деген сенім мен құрметті нығайту мақсатында аудан мектептері мен колледждерінде құқықтық тәрбиеге бағытталған ашық сабақтар кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. «Сен және заң» «Жасөспірім және құқық» «Құқықтық мәдениет – тұрақты қоғам кепілі» секілді тақырыптарда өткізілген іс-шаралар барысында оқушылар мен студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамалары түсіндіріліп олардың құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат берілді. Бұл кездесулерге полиция бөлімінің өкілдері мен мектеп психологтары да тартылды.
Аудандық прокуратура мен полиция бөлімінің бастамасымен кәсіпкерлік нысандарда қоғамдық орындарда және жол-көлік қозғалысында орын алатын құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған түсіндірме жұмыстары да жолға қойылған. Әсіресе жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға арналған жадынамалар мен бейнероликтер таратылды. Учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпке селқос қарамайтын тұрғындармен жиі кездесулер өткізіп қоғамдық бақылау жүйесін дамытуда.
Қазығұрт ауданында құқықтық сананы көтеру тек полиция немесе әкімдік жұмысы емес ол бүкіл қоғамның ортақ міндеті деген ұстаныммен қоғамдық ұйымдар ардагерлер кеңесі және жастар ресурстық орталығы белсенді атсалысып келеді. Әлеуметтік желілерде заң талаптарын сақтау туралы ақпараттық материалдар жарияланып халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған медиажобалар іске қосылды.
Сонымен қатар аудан әкімінің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары тұрақты өткізіліп келеді. Бұл отырыстарда ауылдық округтерде орын алып жатқан өзекті мәселелер қаралып нақты тапсырмалар беріледі. Комиссия жұмысына құқық қорғау органдары білім беру мекемелері қоғамдық ұйым өкілдері мен жергілікті тұрғындар тартылып отыр. Мұндай ашықтық құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жалпы алғанда Қазығұрт ауданында заң мен тәртіпке қатысты қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы көзқарас тек қорқыныш пен жазамен емес ішкі мәдениет пен азаматтық ұстаным арқылы қалыптасуы тиіс. Осы бағытта жүргізіліп жатқан шаралар өз нәтижесін беріп халықтың құқықтық санасы мен қоғамдық тәртіпке деген көзқарасы оң бағытта өзгеруде. Қазығұрт ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу және заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында кешенді жоба жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдары бірлесіп тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шаралар өткізуде.
Жоба негізінде құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясаты жүргізіліп, құқық қорғау саласының өкілдері мен қоғамдық ұйымдар арасында үйлестірілген жұмыс қолға алынды. Аудан мектептері мен жоғары оқу орындарында құқықтық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, жастар арасында заңды сақтау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар ауылдық округтерде тұрғындармен ашық кездесулер өткізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары талқылануда. Аудандық полиция бөлімінің бастамасымен қоғамдық орындар мен кәсіпкерлік нысандарда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейдтер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар халық арасында құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосуда. Сонымен қатар құқық бұзушылыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жобасы аясында ведомствоаралық комиссия отырыстары жүйелі түрде өткізіліп, құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар мен ауыл әкімдері арасында тәжірибе алмасу мен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру үрдісі қалыптасуда.
Қазығұрт ауданында құқық бұзушылыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан шаралар тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, заңның үстемдігін нығайтуға септігін тигізуде. Жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кеңейтілмек.












