ҚАЗЫҒҰРТ: ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҰДАЙЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
27

Қоғамдағы ең маңызды құндылықтардың бірі отбасы қауіпсіздігі мен балалардың амандығы. Осы орайда Қазығұрт ауданында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып отыр. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық бойынша түсіндірме, насихат жұмыстары Қазығұрт ауданы әкімдігінің күн тәртібінен түскен емес. Аудан әкімдігі құқық қорғау органдары білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдар бірлесіп қоғамда заңға құрметпен қарау және зорлық-зомбылықты болдырмау мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударуда. Жуықта аудан әкімдігінің бастамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту тақырыбында кеңейтілген ведомствоаралық жиналыс өтті. Жиынға әкім орынбасары құқық қорғау органдары прокурорлар ауыл әкімдері мектеп директорлары денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Басқосуда аудандағы отбасылық-тұрмыстық қатынастар жағдайы талданып зорлық-зомбылыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттілігі атап өтілді

Аталған бағытта білім беру ұйымдары да белсенділік танытып отыр. Қазығұрт ауданының барлық мектептерінде әсіресе №17 мектеп-гимназиясы мен М Әуезов атындағы мектепте оқушылармен арнайы кездесулер ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар барысында психологтар мен мектеп инспекторлары қатысып жасөспірімдерге буллинг кибербуллинг және басқа да зорлық-зомбылық түрлері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға олардың қандай жағдайда көмек сұрауға құқығы бар екені және қандай қызметтерге жүгінуге болатыны жайлы толық ақпарат берілді. Ш Қалдаяқов мектебінде өткен семинар-тренингте жоғары сынып оқушыларымен және мұғалімдермен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу туралы арнайы тренинг өткізілді. Мұндай тренингтер оқушылардың психологиялық тұрақтылығын нығайтып агрессия мен зорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді құрал болып отыр.

Бұдан бөлек Қызылтаң мектебінде Бала құқығы адам құқығы атты республикалық онкүндік аясында құқықтық апталық ұйымдастырылып эссе байқауы пікірталас сабақтары мен дөңгелек үстелдер өтті. Бұл шаралар балалардың құқықтық сауатын арттырып олардың заң алдындағы қорғалуын сезінуге жол ашты.

Аудан көлемінде құқық қорғау органдарының ұйымдастыруымен кәсіпкерлік нысандар мен халық көп шоғырланған орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу рейдтері жүргізілуде. Бұл шаралар тұрмыстық жанжалдарды болдырмауға отбасындағы түсініспеушіліктерді ерте анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Жергілікті полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тұрғындармен тығыз байланыс орнатып келеңсіз жағдайларды дер кезінде шешуге күш салуда.

Сонымен қатар құқықтық саясаттың нормативтік базасы да жаңартылып отыр. 2024 жылы сәуір айында ҚР Президенті қол қойған заңнамалық өзгерістер аясында кәмелетке толмағандарға және әйелдерге қатысты жасалған зорлық фактілерінде татуласуға жол берілмей қатаң жауапкершілік қарастырылған. Бұл өзгерістер аудандағы алдын алу жұмыстарымен қатар сот жүйесінде де әділдіктің үстемдігін қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда Қазығұрт ауданында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру психологиялық қолдау және құқықтық қорғау шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің қоғамдық ұйымдармен бірлесе әрекет етуі қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруда маңызды рөл атқаруда.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып әрбір баланың әрбір ананың қауіпсіздігі мен құқықтарының толық қорғалуына негіз қаланбақ. Заң жобасының негізгі мақсаттары – адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу. Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау. Тұрмыстық зомбылықты алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу. Зорлықтың түрлері: Эмоциялық зорлық балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу. Физикалық зорлық отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық. Қауіп-қатер отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу. Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық-зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.

Leave a reply