«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

0
17

Созақ ауданында «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы жұртшылыққа таныстырылды. Шолаққорған ауылындағы мәдениет сарайында өткен кездесуге партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алмас Салимов пен облыстық сайлауалды штабтың өзге де мүшелері қатысты.
Кездесуде партия өкілдері алдағы бес жылға арналған басым бағыттардың негізгі міндеттері мен жоспарларын таныстырды. Бағдарламаның басты мақсаты – халықтың өмір сапасын жақсарту, өңір экономикасын дамыту және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету.
Атап айтқанда, «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасын орнату және 400-ден астам «Әділет керуені» қабылдауын өткізу көзделген.


«Тиімді институттар» аясында депутаттардың халық алдындағы есептілігін арттыру, қоғамдық қабылдаулар мен есептік кездесулер санын көбейту жоспарланған. Ал «Қуатты өңірлер» бағытында тұрғын үй құрылысын дамыту, елді мекендерді табиғи газбен қамту деңгейін 97 пайызға жеткізу және 2 500 шақырым жолды жөндеуге ықпал ету міндеттері қамтылған.
«Әділ экономика» бағыты ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдауға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Сонымен қатар цифрландыру, әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларын дамытуға арналған нақты бастамалар ұсынылды.
«Таза Қазақстан» бағыты бойынша экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл желек көлемін арттыру, елді мекендердің тазалығын сақтау және қалдықтарды қайта өңдеу мәселелеріне басымдық берілген.
Алмас Салимов өз сөзінде бағдарламаның басты ерекшелігі нақты көрсеткіштер мен нәтижеге бағытталған міндеттер екенін атап өтті.
-Партия үшін ең маңыздысы – халықтың сенімін ақтап, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету, деді Алмас Алтайұлы.
Кездесу соңында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Ал, жергілікті тұрғындар партия бағдарламасына сенім білдіріп, қолдайтындықтарын айтты.

 

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave a reply