«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛЫП, ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЖАҢАРАДЫ

0
17

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының сайлауалды штабының мүшелері Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиынға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Алмас Салимов қатысты.
Кездесу барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, өңір экономикасын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жоспарлар сөз болды.
-Өнеркәсіп пен өңдеу саласын дамыту партия бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі саналады. Осы мақсатта 2031 жылға дейін Түркістан облысында 105 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Соның ішінде Мақтаарал ауданында 3 жобаны жүзеге асыру арқылы 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына және аудан экономикасының дамуына серпін береді, — деді Алмас Салимов.
Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау да назардан тыс қалмайды. Бағдарлама аясында жыл сайын 150 кәсіпкерге, ал 2031 жылға дейін жалпы 900 кәсіпкерге қолдау көрсету көзделген. Бұл кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, өндіріс көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Кездесуде Алмас Салимов партия бағдарламасында белгіленген бастамалардың басты мақсаты тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, ауылдардың әлеуетін арттыру және өңірдің тұрақты дамуына жағдай жасау екенін атап өтті. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жиын соңында қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттармен танысып, өңірді дамытуға арналған жоспарлар жөнінде ойларын ортаға салды.

 

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave a reply