ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

0
32

«Қауіпсіз қоғам – ел тыныштығының кепілі»  Қауіпсіз қоғам жастардың да болашаққа деген, жарқын өмірге деген сенімін нығайтады. Билікке деген патриоттық сезімдерін оятады. Қауіпсіз қоғам заң арқылы нақтыланады. Осы тұста Қазығұрт ауданында «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында кешенді іс-шаралар жиі жүзеге асырылуда. «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында елімізде қолға алынған «Қауіпсіз қоғам» ұлттық жобасы аясында Қазығұрт ауданында бірқатар маңызды жиналыстар мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты – тұрғындар арасында құқықтық сананы арттырып, қылмыстың алдын алу, сондай-ақ жастарды тәрбиелеуде патриоттық және рухани құндылықтарды нығайту.

Атап айтқанда, аудан тұрғындарының мүліктік қауіпсіздігі, тұрмыстық қылмыстардың алдын алу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау бойынша жұмыстардың барысы баяндалды. Сонымен қатар азаматтар мен құқық қорғау құрылымдары арасындағы сенімді нығайту жолдары ұсынылды.

Жобаның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссия құрамына құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдары мен қоғамдық ұйым өкілдері енді. Жиын барысында меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен суицид фактілерінің азаюы, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығын сақтау мәселелері қаралды. Мектептердегі психолог мамандар мен полиция инспекторларының өзара іс-қимылы жолға қойылып, нақты тапсырмалар берілді.

Аталған жобаның маңызды бір бағыты – жастар арасында құқықтық тәрбие мен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту. Осы мақсатта Қазығұрт аудандық мәдениет үйінде «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам кепілі» тақырыбында кең ауқымды жастар форумы ұйымдастырылды. Форумға аудан басшысы, сот және прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері мен мектеп, колледж оқушылары қатысты. Ашық форматтағы кездесуде жастармен құқықтық сауаттылық, қоғамдағы өз рөлі мен міндеті, жауапкершілік пен тәртіпке қатысты пікір алмасу өтті. Сонымен қатар жастар тарапынан шығармашылық қойылымдар, патриоттық әндер мен би қойылымдары ұсынылып, рухани-адамгершілік бағыттағы тәрбиелік мәні бар шара өтті.

Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп – тек мемлекеттік органдардың емес, барша азаматтардың ортақ жауапкершілігі екенін ескере отырып, Қазығұрт ауданында қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер кеңесінің белсенді қатысуымен қоғамдық бақылау жүйесі де жолға қойылған. Халықпен тығыз байланыс орнату арқылы аудан басшылығы тұрғындардың сұраныстарына дер кезінде жауап беріп, ашық диалог пен сенім негізінде қауіпсіз ортаны қалыптастыруды басты назарда ұстап отыр.

Жалпы алғанда, Қазығұрт ауданында «Қауіпсіз қоғам» жобасын іске асыруға бағытталған іс-шаралар нақты нәтижеге бағытталып, құқықтық мәдениетті көтеру, қылмыстың алдын алу және жастармен жұмыс жүргізу бағытында оң серпін беріп отыр. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тұрақтылығы үшін жүйелі түрде атқарыла бермек. «Қауіпсіз қоғам» тұжырымдамасы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі мен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимылы арқылы:қылмыстың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастарды отансүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу көзделіп отыр. Сондай-ақ, ведомствоаралық үйлестіру – нәтижелі қадам атты ауқымды мәжіліс өтті.

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында меншікке қарсы қылмыстардың (ұрлық, алаяқтық, тонау) алдын алу, жол-көлік оқиғаларының азаюына бағытталған бақылау шаралары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен ерте суицидтің алдын алу жолдары кеңінен қаралды. Сонымен қатар, ауыл әкімдері, учаскелік инспекторлар, мектеп директорлары және медициналық қызметкерлер арасында тығыз өзара іс-қимыл тетіктері қарастырылды. «Қауіпсіз қоғам – тәртіпті елдің кепілі» ұранымен өткен аудандық жастар форумы барысында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелері көтерілді; форумға аудан әкімі, сот, прокуратура және полиция өкілдері қатысып, жастармен ашық сұхбат жүргізді; мәдени бағдарлама шеңберінде жастар өнерлерін ортаға салып, шығармашылық арқылы өз ойларын жеткізді.

Аудан аумағында жергілікті қоғамдастықтар, ардагерлер кеңестері және еріктілер қозғалысы «Қауіпсіз қоғам» тұжырымдамасын қолдап, белсенділік танытуда. Мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында сенімді байланыс орнату — қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды бағыт болып отыр. Қазығұрт ауданында «Қауіпсіз қоғам» жобасы нақты нәтиже беретін, көпжақты, халықпен тікелей жұмысқа негізделген бастама ретінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл — әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

Leave a reply