САЙРАМ: ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗІЛУДЕ

0
68

САЙРАМ: ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия — әйелдер істері, отбасылық және демографиялық саясат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган. Аса жауапты саланы үйлестіруші орган ретінде атқарып жатқан жұмыстары орасан зор.

Түркістан облысы, Сайрам ауданында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия да қарқынды жұмыс атқарып келеді. Ауданда комиссия құрамын жаңарту және жұмыс жоспарын әзірлеу мақсатында отырыстар тұрақты өткізіліп келеді. Сонымен бірге, ауданда гендерлік теңдік пен отбасылық саясатты дамыту бағытында бірнеше маңызды шаралар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бұл шаралар қоғамдағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы мақсатта Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің қызметкерлері Ақбұлақ ауылында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынның мақсаты — әке мен ананың рөлі, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, профилактикалық түсіндірме жүргізу және әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету, қоғам назарын зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отбасы ішіндегі өзара сыйластық пен қолдау құндылықтарын арттыруға бағытталған. Мұндай бірлескен жұмыс — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануына жол бермеудің тиімді тетігі болып табылады.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» да өз тарапынан жастар арасында гендерлік теңдікті насихаттау, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Бұл орталық жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, оларды әлеуметтік мәселелер бойынша ақпараттандыруға және гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, «Алтын Орда» қоғамдық қорының «Тең мүмкіндіктер» жобасы аясында гендерлік саясат және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған іс-шара  ұйымдастырылды. Бұл жобаның мақсаты — әйелдер мен ерлер арасындағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, гендерлік стереотиптермен күресу және әйелдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуын қолдау.

Сонымен қатар  отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында қабылданған шаралар отбасы институтын нығайтуға, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті дамытуға бағытталған. Бұл саясаттың тиімді іске асырылуы аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Leave a reply