АБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ АВТОБЕКЕТ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
20

Сайлауалды науқан аясында Абай ауылындағы «Ер-Дәуіт» автобекетінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге «Әділет» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Мадияр Әшірбаев, партия атынан кандидат Бұхарбай Нұрғазы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер қатысты.
Жиын барысында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер сөз болды. Әсіресе, қоғамдық көлік қатынасын жақсарту, жол сапасын арттыру, жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеру және ауыл тұрғындары үшін көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Автобекет ұжымы да өз ой-пікірлерін білдіріп, салаға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Кездесуде еңбек адамдарының пікірін тыңдау, көтерілген мәселелерді назарға алу және оларды шешу жолдарын қарастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Leave a reply