«SAGITEX GROUP» — ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА МАМАНДАНҒАН КӘСІПОРЫН

0
135

Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай «SAGITEX GROUP» ЖШС іш киім өнімдерін шығаратын фабрика іске қосылды.

Жобаға 337 млн теңге инвестиция тартылған. Жоба жылына 400 000 дана іш киім өнімдерін тігіп, сатылымға шығаратын болады. Өндіріске «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан 1 гектар жер берілді. 11 адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бүгінде 2293 жаңа жұмыс орнымен 26 жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 12 млрд теңгеге 5 жобаны іске қосып, 290 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Елорда күні қарсаңында Шымкентте 11 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Іске асқан жобалар ел Тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосып, Шымкент қаласының Елордаға жасаған мерекелік тартуы саналады. Жаңа өндіріс желілерін іске қосуға 6,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Кәсіпорындарда 344 жаңа жұмыс орындары ашылып отыр. Іске қосылған кәсіпорындардың ішінде 6 жоба индустриалды өндіріс орындары болып табылады. Олардың ішінде металл және темір бұйымдары, корпустық жиһаз, автомобиль шынылары, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп жобалары іске асты. Ауыл шаруашылығы саласында 5 жоба жұмысын бастады. Аграрлық салада жылыжай шаруашылығы іске қосылса, мал шаруашылығында ірімшік және сүт өнімдері, минералды су цехтары, тауарлы сүт фермасы, мал шаруашылығы жобалары жүзеге асты.

Айта кету керек, қазіргі кезде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын белсенді түрде қызмет атқарады.

Leave a reply