ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ АШТЫ

0
132

Шымкент қаласының тұрғыны Жасмин Абдраимова мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, берілгін қаражатқа кондитер цехын ашты. Қала тұрғыны Жасмин ханым өткен жылы Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 21 күндік «Бизнес бастау» кәсіптік оқытуға жолдама алған.
Кәсіптік сертификатын алып, мемлекеттік грантқа қатысу үшін «Кондитер өнімдері» ісі бойынша бизнес жоспарын ұсынды. Бұл жобаны комиссия мүшелерінің алдында сәтті қорғап шыққан болатын.
Нәтижесінде 200 АЕК(555 650) көлеміндегі грантқа қол жеткізіп, қаражатқа цехқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде бәліш, төрт түрлі кодитерлік тәтті тағамдарға тапсырыс қабылдап, отбасылық кішігірім ісін дөңгелетіп отыр.
Айта кетсек, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екі бағыты аясында 2020 жылы 4828 адам грантқа қол жеткізсе, биылғы жылы 600 адамға грант берілді. Ал, «Бизнес бастау» курсына биылдың өзінде 1900 адам жолданған.
Ал жыл соңына дейін Шымкентте «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 1000-нан астам шымкенттік жас аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.

Leave a reply