Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл ислам партиясының сьезі кезінде жарылыс болды

0
113

Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының жалпыұлттық парламент сайлауы қарсаңында өткізген съезі кезінде жарылыс болып, 44 адам қаза тапты. Бұл туралы Infonews.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап  хабарлайды. 

Теракт Хар қаласында болған. Шаһар Ауғанстан аумағына жақын. “Ислам дін мамандарының жиыны” консервативті партиясының митингіне 400-дей адам жиналған. Жергілікті БАҚ зардап шеккендер саны 200-ге жетуі ықтималдығын хабарлауда.

Әзірге лаңкестік әрекетті нақты қай топтың және не үшін жасаған белгісіз. Болжам бойынша бұл елдегі жағдайды ушықтыруға тырысқан жиһадшылардың ісі болуы мүмкін.

Жергілікті телеарна эфирінде жедел жәрдем қызметтері жараланған адамдарды ауруханаға қалай жеткізіп жатқандары көрсетілді. Онда орын жетіспей жатқаны хабарланды. Ал аса ауыр науқастарды провинция орталығы Пешевар қаласындағы ауруханаға жеткізу үшін тікұшақтар да тартылды.

Дереккөздердің мәліметінше, жарылыстан JUI-F аймақтық көшбасшысы Маулана Зиаулла да мерт болды. Теракт кезінде ол партияластары алдында сөз сөйлеп жатқан.

Қақтығыстар мен қауіпсіздікті зерттеу институтының статистикасына сәйкес, жыл басынан бері Пәкістандағы теракт саны 79 пайызға өсті.
Институттың мәліметінше, жарты жыл ішінде елде 271 теракт болып, 389 адам қаза тапқан.

Leave a reply