Хайуанаттар бағында ерекше жираф дүниеге келді
АҚШ-тың Теннесси штатындағы Брайтс хайуанаттар бағында ерекше жираф дүниеге келді, деп хабарлайды Infonews.kz сайты New York Post басылымына сілтеме жасап.
Әлі аты қойылмаған жираф қоңыр түсті және дақсыз дүниеге келген. Бұл әлемдегі жалғыз дақсыз туған жираф ретінде мамандардың қызығушылығын тудыруда.
Қазір жирафтың өсуі шамамен 1,8 метрді құрайды. Ол қазір анасының жанында ждәне өзін жақсы сезінеді.
Хайуанаттар бағының негізін қалаушы Тони Брайт жирафтың неліктен дақсыз туғанын жорамалдай алмайтынын жеткізді. Алайда жануардың танымалдылығы жойылып бара жатқан түрлерге назар аударуға көмектесетінін айтты.
“Жабайы популяциялар ақырын өліп жатыр. Біз соңғы үш онжылдықта жирафтардың жабайы популяциясының 40 пайызын жоғалттық”, – деді ол.
Жирафтарды қорғау қорының мәліметінше, 2008 жылы торлы жирафтардың саны 36 мың болса, 2018 жылға қарай екі есеге азайған.
Хайуанаттар бағы мінсіз жануарға атау таңдауда халықтан көмек сұрады. Ұсынылған есімдер қатарында “бірегей” – Кипеки, “ерекше” – Фрияли, “ең әдемі” – Шакири және “әдемі” дегенді білдіретін Джамелла атаулары бар.