САУРАНДЫҚТАР ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДА

0
91

Сауран ауданында су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізу қолға алынуда. Егістік пен бақшалықты тамшылатып суғару және егістік жерлерді жаңа технология жаңбырлатып суару бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыт бойынша Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Мұрат» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Сұлтанбайев жылыжай кешенінде тамшылатып суғару арқылы 0,75 гектар жерге қияр, 1,5 гектар аумаққа болгар бұрышын егіп өсіруде.

Кәсіпкер орташа маусымдық «Ринда F1» қырыққабат өнім түрін 1,5 га жерге егуді жоспарлауда. Бүгінгі таңда жылыжайдың бірінші айналымнан 25 тонна қиярдан өнімі алынды. Алдағы уақытта 70 тонна өнім алуды көздеуде. Шаруа қожалық күніне 10 адамды маусымдық жұмыспен қамтуда. Сондай-ақ жергілікті жұртшылықты экологиялық таза өнімдерін ұсынуда.

Leave a reply